AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Ба...

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Саясат Бүгін 14:00 57
Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Президент еліміз технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін білім, ғылым және цифрлық құзыретке белсенді инвестиция салып жатқанына назар аударды.

Осы орайда, Мемлекет басшысы жобаның негізін қалаушыға жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасы келешек ұрпаққа маңызды әрі шын мәнінде салмақты мұра қалдыруға мүмкіндік беретінін айтты. Бағдарлама аясында жаппай әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде мектептер, университеттер мен медицина мекемелерін салу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның Қазақстан университеттерімен, стартаптарымен, сондай-ақ технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту ниетін құптады.

Сонымен қатар Президент Astana AI Film фестиваліне инвестициялық тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға ризашылығын білдірді.

Network School негізін қалаушы Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салалары үйлесім тауып отырғанын айрықша атап өтті. Баладжи Шринивасан Network School Kazakhstan жобасының басым бағыттарын таныстырды. Онда цифрлық шешімдерді ілгерілету, адам капиталын дамыту және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады

Бүгін 15:11

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысымен кездесті

Бүгін 14:30

Алматыда пластик қалдықтарынан жиһаз жасалады

Бүгін 14:28

Қазақстанда жыл соңына дейін үш жаңа әуежайдың құрылысын аяқтау жоспарланған

Бүгін 13:55

Президенттің жолдауы ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні кеңірек қолдануға жол ашады

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);