AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде сүттің бағасы 22%-ға қымбаттады

Елімізде сүттің бағасы 22%-ға қымбаттады

Әлеумет 19.07.2022, 08:06 1,726
Елімізде сүттің бағасы 22%-ға қымбаттады
Сурет: Rbc.ru

Сонымен қатар бұл саладағы өндіріс те төмендеген.


Қазақстанда сүт қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



2022 жылдың маусым айында сүттің бағасы 2,4%, жыл басынан бері 17,2% және бір жыл ішінде 21,5% өскенін хабарлайды. Салыстыру үшін: 2021 жылы бағаның жылдық өсімі небәрі 9,5% болған. 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында сұйық өңделген сүт пен кілегей өндірісі 235,3 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7% аз. Бұл алты жылдық үздіксіз өсімнен кейінгі дәл осы кезеңдегі алғашқы құлдырау, – деп жазды Energyprom.kz сарапшылары.



Сонымен қатар зерттеушілер сүт пен кілегей өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына ғана тиесілі екенін нақтылайды.


Өндірістің ірі көлемі мына өңірлерде тіркелді:


Ақмола облысы (34,2 мың тонна);


Қостанай облысы (28,5 мың тонна).


Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,7%, 192 мың тоннаға дейін, ал экспорт екі есеге жуық қысқарып, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеді, – делінген зерттеуде.


Сонымен қатар 2022 жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,5 литр болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% аз. Кілегейді тұтыну, керісінше, бір жарым есе өсті.


Сүтті тұтыну аймаққа байланысты айтарлықтай өзгереді. Мысалы, қалалық жерлерде 2022 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққандағы шикі сүт тұтыну орташа есеппен 1,73 литр болса, ауылдық жерлерде 6,04 литр болды. Кілегей тұтыну бойынша айырмашылық онша көп емес: ауылда орташа жан басына 41 миллилитр, қалада 51 миллилитр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сүт #баға #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);