Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде шетелдік көліктерге дизель отыны 450 теңг...

Елімізде шетелдік көліктерге дизель отыны 450 теңгеден сатылады

Әлеумет 22.08.2022, 16:00 1,325
Елімізде шетелдік көліктерге дизель отыны 450 теңгеден сатылады
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстандық тұтынушыларға да лимит қойылды


Бүгіннен бастап шетелдік көліктерге дизель отыны 450 теңгеден сатылады. Сондай-ақ қазақстандық тұтынушыларға да лимит қойылды. Яғни, жеңіл көлікке тәулігіне 100 литр дизель 230-260 теңгеден сатылады. Егер одан көп алатын болсаңыз, екі есе бағаға сатып алуыңызға тура келеді. Энергетика министрлігі арнайы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Қазақстанның дизелі арзан болған соң оны ТМД елдері жүк көлік жүргізушілері тонналап алып кетіп жатыр деген қазақстандық тұтынушылар жаңа бұйрықтың шыққаны дұрыс болды дейді. Осы уақытқа дейін өзге елдің көліктері бактарын толтырып жатқанда, кассирге жалынып тұратынбыз дейді отандық тізгіншілер.



«Жоқ дейді. Ең болмаса 50 литр берсеңізші жететін жерімізге жетіп алайық десең. Жоқ дейді. Сатпайды. Қырғыз бен сол жерге өзбектің көлігі келетін болса, оларға сатады», – деді жүк көлігінің жүргізушісі Асылхан Райымбеков.



«Дизель жоқ. Жанармай бекетінде жоқ.  Жоқ боп жатыр», – деді жүк көлігінің жүргізушісі Ришат Берікбол Рәшат.



«Энергетика министрлігінің мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығында былай делінген. Егер тізгінші Қазақстан азаматы болса, сонымен қатар ол біздің елде берілген жүргізуші куәлігін көрсетсе, өңіріне қарай бір литр дизельді 230-260 теңгеден сатып ала алады. Бірақ ол кезде отынның лимиті 100 литр. Ал көлігі Қазақстанда тіркелгені туралы куәлікті көрсеткен жүк машинасына лимит тәулігіне 300 литр болмақ екен. Енді ең қызығы, егер белгіленген лимиттен жоғары дизель алатын болсаңыз онда литрі 450 теңгеден саудаланады. Әсіресе, шетелден келіп, тонналап дизель әкететін көліктерге тоқтау салу үшін жасалған», - дейді Энергетика министрлігінің өкілі.  



«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, автожанармай құю станцияларында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан ары қадағалау үшін ақпараттық жүйені анықтауға байланысты мәселелерді пысықтап жатыр. Жақын арада автожанармай құю станциялары өкілдерімен бірлесіп, жүйелерді тестілеу өткізілетін болады, – деді ҚР Энергетика министрлігі мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің басқарма басшысы Талғат Мақуов.


Айта кетсек, Argus Каспий нарығы сервисінің деректеріне сәйкес 1 тамыздағы жағдай бойынша ЕЭО  мүше елдерде бір литр дизель Арменияда - 758 теңге, Ресей мен Белорсульте - 446 теңге, Қырғызстанда - 412 теңге. Енді аталған елдерден келіп, біздің арзан дизельді алғысы келетіндерге баға сол мемлекет бағасымен теңесті.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дизель #жанармай #лимит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика