AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қант өндіру мен сатудың жаңа схемалары жа...

Елімізде қант өндіру мен сатудың жаңа схемалары жасалады

Әлеумет 27.08.2022, 14:00 1,299
Елімізде қант өндіру мен сатудың жаңа схемалары жасалады
Сурет: Primeminister.kz

Жағдай тұрақтанды 


Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин отандық қант зауыттары, сала қауымдастықтары, сауда биржалары өкілдерімен, трейдерлермен және консультанттармен қант және басқа да азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, оның өсу қарқыны бойынша бірлескен шешімдерді талқылау және әзірлеу үшін кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Үкімет ресми сайтының жазуынша, талқыланған басты тақырып – баға тұрақтандыру және елде қант тапшылығына жол бермеу.
Кездесуде қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева атап өткендей, негізгі экспорттаушы елдердің қант экспортына қабылдаған шектеу шаралары ішкі нарықта дүрлігуге алып келді, бірақ бүгінгі таңда жағдай тұрақтанды.
«Біз бірлесіп, зауыттарды шикізатпен, ал елді осы өніммен тұрақты бағада қамтамасыз ету үшін қантты қаржыландыру, қайта өңдеуді ұйымдастыру және сату схемаларын қайта қарап, әзірлейміз. Мен мұны алдағы күндері жасауды ұсынамын», — деді Серік Жұманғарин.
Қант саласы бойынша кеңеске қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.
Сондай-ақ бұл күні Серік Жұманғарин негізгі тамақ өнімдері өндірісінің басқа салаларының проблемалары мен даму мүмкіндіктерін талқылау үшін Ет одағының, бағбандар одағының, астық өңдеушілер одақтарының, органикалық өнім өндірушілердің және басқа да аграрлық сарапшылардың өкілдерімен кездесулер өткізді.
Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды, өндірістің әрбір бағытын пысықтау үшін қосымша кездесулер өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #баға #схема
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);