AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде қандай шетелдік мамандар 10 жыл тұрақты т...

Елімізде қандай шетелдік мамандар 10 жыл тұрақты тұра алады?

Өмір-өзен 22.02.2023, 11:14 1,653
Елімізде қандай шетелдік мамандар 10 жыл тұрақты тұра алады?
Сурет: QANDASTAR.KZ

Тізім бекітілді.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел азаматтарына республикада тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімін бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тізімге денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және тағы басқа салаларда сұранысқа ие 21 мамандық енген.



"Сұранысқа ие мамандықты меңгерген шетелдіктер төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат рәсімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі", - деп мәлімдеді Еңбек министрлігінде.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.


Сұранысқа ие мамандықтар тізімі:


1.Дәрігер-нейрохируг;


2.Дәрігер-гематолог;


3.Дәрігер-онколог;


4.Дәрігер-неонатолог;


5.Дәрігер-эндокринолог;


6.Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;


7.Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;


8.Фармация инженер-технологы;


9.Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші;


10.Авиациялық инженер;


11.Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері;


12.Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер;


13.Лазерлік жабдық жөніндегі инженер;


14.Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;


15.Инженер-медициналық радиохимик;


16.Инженер-медициналық физик;


17.Тоқыма шикізатының классификаторы;


18.Бактериолог;


19.АТ инфрақұрылымының архитекторы;


20.Бағдарламалық қамтылым архитекторы;


21.Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маман #шетел #ықтиярхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);