ffin.kz

Елімізде орташа жалақы 390 мың теңге

Елімізде орташа жалақы 390 мың теңге Сурет: Polisia.kz

ҰСБ елдегі "қызметкерлердің саны және жалақысы" туралы мәліметтерді жаңартты.

Бюро таратқан мәліметте өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеген, нақты жалақы индексі 95,3% құраған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңгені құрады»,-делінген хабарламада.

«2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға»,-делінген хабарламада.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру– 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалған. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,5 есе , көлік және жинақтауда – 1,4 есе жоғары болып тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38

18:29

18:09

17:45

17:44

17:30

17:22

17:19

17:09

16:37

16:27

16:08

16:01

15:50

15:49

15:28

14:35

14:06

13:35