AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде обаға қарсы күрес қызметі саласындағы мам...

Елімізде обаға қарсы күрес қызметі саласындағы мамандар жалақысы мардымсыз

Әлеумет 04.05.2023, 09:43 1,228
Елімізде обаға қарсы күрес қызметі саласындағы мамандар жалақысы мардымсыз
Сурет: Stan.kz

Бұл мәселені сенатор Ақмарал Әлназарова депутаттық сауалында көтерді. 


Еліміздің Обаға қарсы күрес қызметі саласындағы нақты проблеманы шешуге қатысты депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, қазіргі кезде еліміздің Обаға қарсы қызметі Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының құрамында. Бұл орталықты осыған дейін «QazBioPharm» ұлттық холдингінің құрамына енгізу жоспарланған болатын. Алайда, дәл қазір Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде Орталықты қайта құру, яғни обаға қарсы күрес қызметін жеке мемлекеттік мекеме ретінде бөлек шығару мәселесі қолға алынған.


Депутаттың пайымынша, Қазақстанда обаның соңғы жағдайы 20 жыл бұрын тіркелгеніне қарамастан, кейінгі жылдары адамзат биологиялық әлемдегі тұрақсыздыққа тап болды. Бұл ретте SARS, COVID-19, құс тұмауы және шошқа тұмауы секілді індет тарады. Сондықтан осы саладағы бақылауды әлсірету және тиісті құрылымды бөлшектеу ел халқы денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.


Сала қызметкерлері жалақы мәселесін көтеріп отыр. Сенатордың айтуынша, обаға қарсы қызмет саласы қызметкерлерінің жалақысының өсуіне қарамастан, оның қорытындысы бойынша медициналық және медициналық емес білімі бар қызметкерлердің арасында жалақы мөлшеріне қатысты айтарлықтай айырмашылық пайда болды.



«Биологиялық материалды өңдеу және зарарсыздандыру, тиісті сынақ аясында жануарларға күтім жасау, күшті әсер ететін улы препараттармен және далалық жағдайларда жұмыс істеу кезінде биологиялық тәуекел қатері үшін қосымша ақы ескерілмеген. Соның нәтижесінде, обаға қарсы қызмет қызметкерлерінің тек 23%-ы ғана кәсіби қызметке байланысты тәуекел үшін лауазымдық жалақының 50 пайызы сомасындағы қосымша ақымен қамтылған. Бұл жағдай дайындалған кадрлардың саладан кетіп қалуына себеп болуы мүмкін. Осы тұрғыда барлық қызметкер мен биологиялық тәуекел аясында жұмыс істейтін адамдарға ерекше еңбек жағдайы үшін қосымша ақыны қалпына келтіру қажет», - деді сенатор Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.



Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысына обаға қарсы күрес қызмет саласындағы қызметкерлердің биологиялық қауіп-қатерге ұшырауы деңгейін ескере отырып, олардың жалақысы сомасын қайта қарауды сұрады.


Мұнымен қоса ол аталған қызметті жеке мекемеге бөлмей, оны М.Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялардың ұлттық ғылыми орталығы құрмында қалдыруды ұсынды.


Оның пайымынша, бұл орталықты «QazBioPharm» холдингінің құрамына өткізу жұмысын жеделдету керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Обаға қарсы күрес #сала мамандары #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика