AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде метан бойынша Екінші ұлттық форум өтуде

Елімізде метан бойынша Екінші ұлттық форум өтуде

Әлеумет 04.10.2024, 17:22 1,235
Елімізде метан бойынша Екінші ұлттық форум өтуде
Сурет: Gov.kz

Бүгін Астанада «Green energy & waste recycling» VIII Еуразиялық бизнес-форумының екінші күні өтуде.

Форумның бағдарламасы бойынша Метан бойынша Екінші ұлттық форум өтуде, оның шеңберінде «Қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу секторындағы инновациялық технологиялық шешімдер» технологиялық сессиясы, «Қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесі: жергілікті деңгейде жоспарлау және іске асыру», «Өнеркәсіптік қалдықтарды орнықты басқару: нормативтер, әдістемелер және ESG тәсілдер» сессиялары жұмыс істейтін болады, Қалдықтарды басқару секторындағы ШОБ: проблемалар мен шешімдер» атты пікірталас сессиялары өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Экология эәне табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін іс-шарада Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев сөз сөйледі. Өз сөзінде мемлекеттік органдар үшін де, бизнес қоғамдастық үшін де метан шығарындыларын азайту саласындағы өз іс-әрекеттерін көрсету үшін бірегей мүмкіндік екенін атап өтті.

М. Ошурбаев метан шығарындыларын азайту, инвестициялар тарту, гранттар мен басқа да қаржыландыру көздерін іздеу бойынша ауқымды жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру мәселелеріне толығырақ тоқталды. Метан шығарындыларын реттеу, тиімді нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және енгізу, сондай-ақ деректерді жинау және өңдеу маңызды мәселесіне нақтылай тоқталды.

Метан шығарындылары бойынша деректерді нақтылап жинау және өңдеу оларды қысқарту жөніндегі жобаларды табысты іске асырудың маңызды шарты болып табылады.

Сөз соңында вице-министр ынтымақтастық жемісті болатынына және елеулі нәтижелерге әкелетініне сенім білдірді.

Сондай - ақ, аталған іс-шарада Экология министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева сөз сөйледі.

С. Сабиева метан шығарындыларының көздерін түгендеу мәселелерінің жай-күйіне шолу жасап, оны қысқарту жөніндегі шаралар мен саясатты іске асыруға байланысты мәселелерге тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы COP28-де Мемлекет басшысы Қазақстанның метан бойынша Жаһандық міндеттемеге бейілділігі туралы мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Метан #форум #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика