AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға...

Елімізде күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға ұлғайды

Медицина 27.06.2024, 11:00 882
Елімізде күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға ұлғайды
Сурет: Gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі перзентханаларда медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында босандыру және неонатология саласында қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді қайта қарады.

Сонымен, 1 маусымнан бастап кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға, ал жаңа туған нәрестелерге күтім жасау - 35%-ға ұлғайды. Бұл медициналық қызметтердің тізбесі мен сапасын кеңейтуге және білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР ДСМ мәліметінше, соңғы жылдары тарифтер медициналық ұйымдардың босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім жасауға байланысты шығыстарын өтемеді. Босандырумен айналысатын медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыру олардың соңғы бірнеше жылдың ішінде қалыптасқан кредиторлық берешегінің негізгі себептерінің біріне айналды.

Тарифтерді қайта есептеу кезінде медициналық мекемелердің пациенттерге қызмет көрсету кезінде көтеретін нақты шығындары ескерілді. Қабылданған шаралар медициналық ұйымдарға қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартады. Ал перзентханаларда болу ана мен бала үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы әрбір отбасы қолжетімді және сапалы медициналық көмекке сене алатындай денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді жалғастырады. Осы мақсатта 2024 жылғы 1 маусымнан бастап балалар неврологиясы, балалар аллергологиясы, ревматология бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтердің мөлшері ұлғайтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Босандыру тарифтері #кесарь тілігі #перзентхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);