Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесетті жоқа шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
– Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін, - деді Мемлекет басшысы .