AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Елімізде Кaz-Nedra геоақпараттық жүйесі іске қосыл...

Елімізде Кaz-Nedra геоақпараттық жүйесі іске қосылмақ

Саясат 20.07.2022, 12:08 1,885
Елімізде Кaz-Nedra геоақпараттық жүйесі іске қосылмақ
Сурет: Inform.kz

Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру


Биылдан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар үшін эталондық геоақпараттық жүйе құруға бағытталған Kaznedra жобасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл жүйе жеке және заңды тұлғаларға жер қатынастары мен жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік беретін болады. Оның тағы бір функциясы - осы салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру. Бұл жобаны Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мен Экология министрі Серікқали Брекешев жан-жақты талқылады.


Қазіргі уақытта министрлік жобаны іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті, жер қойнауын пайдаланушылардың бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша бірыңғай тәсілдерді айқындады. Жоба бірден бірнеше ведомствоның, соның ішінде Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың деректер базасын қосуды көздейді. Мұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жер асты сулары, гидротехникалық, инженерлік құрылыстар және т.б. бойынша деректер сақталатын болады.


Бұл ретте, ЦДИАӨМ жобаның техникалық бөлігін орындауды, оның ішінде қажетті ақпаратты жүктеу үшін деректер базасының құрылымын құруды да өз мойнына алады, ал цифрландыру және ақпаратпен толтыру, сондай-ақ құқықтық алаңды қалыптастыру салалық мемлекеттік органдарда қалады.



«Kaz-Nedra платформасы ашықтықты қамтамасыз етеді және рәсімдерді цифрландыру арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Мұнда жер қойнауы учаскелерін іздестіруден, геологиялық ақпарат пен лицензиялар алудан бастап, жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігін, оның ішінде салық төлемдерін қалыптастыру мен тапсыруға дейін бірқатар рәсімдерді жүзеге асыруға болады», - деп атап өтті ведомство басшысы Бағдат Мусин.



Оның айтуынша, платформаны енгізу жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірыңғай терезеде барлық рәсімдер мен қызметтерді шоғырландыру арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетуге ықпал етеді


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #Индустрия және инфрақұрылымдық даму #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);