Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жылына 4,5 млн тонна қалдық шығарылады

Елімізде жылына 4,5 млн тонна қалдық шығарылады

Әлеумет 16.06.2022, 02:00 1,163
Елімізде жылына 4,5 млн тонна қалдық шығарылады
Cурет: Ашық дереккөз

Былтыр шығарылған қалдықтың 21,1 пайызы қайта өңделді


Елімізде жылына 4,5 млн тонна қалдық шығарылады. Бұл туралы экология вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.



«Жыл сайын 4,5 млн тонна қалдық шығарылады. Былтыр 4,2 млн тонна қоқыс төгілді. Оның 21,1% қайта өңделді. Биыл бұл көрсеткіш 24%-ке жетеді деп жоспарлап отырмыз. Оң динамика байқалғанымен, жетіспей жатқан тұстар да бар. Мәселен, қоқыс кейбір аймақтарда көп, кейбір аймақтарда өте аз өңделеді», – деп мәлім етті Зүлфия Сүлейменова.



Вице-министр ақпаратына сай енді ведомство қауіпті қалдықтарды өңдеу және оларды жоюмен айналысатын компаниялардың жұмысына бақылау жүргізетін болады. Экологиялық кодекске өзгеріс енгізу туралы шешім маңызды болды. Себебі бұл уақытқа дейін нарықта қоқыс шығару, өңдеу және сұрыптаумен айналысатын бизнес субьектілері белгісіз еді. Енді шағын кәсіпорындар қалдықтарды шығаратын болса, онда оны қай жерге төгетіні туралы Экология министрлігіне хабарлама береді.



«Бұрын белгіленбеген орындарға қоқыс төгу фактілері көп тіркелген еді. Мәселен, былтыр 7 мыңнан астам рұқсат етілмеген қалдықтарды төгу орны анықталды. Оның 89% жойылды. Ал биыл мамыр айынан бастап 1,5 мыңға жуық рұқсат етілмеген үйінділер анықталды», – деді Зүлфия Сүлейменова.



Бүгінде аса қауіпті қалдықтарды жоюмен айналысатын 60-қа жуық компания лицензия алған. Ал жалпы қоқысты шығару, өңдеу және сұрыптау қызметін көрсететін 990-нан астам бизнес субьектісі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #қалдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Бүгін 14:16

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бүгін 14:13

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Бүгін 14:05

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика