AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде ЖИ ұлттық орталығы ашылады

Елімізде ЖИ ұлттық орталығы ашылады

Білім және ғылым 01.07.2024, 08:41 1,219 yakiya
Елімізде ЖИ ұлттық орталығы ашылады
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев айтты.

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Достар, жақында біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасында жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бұл платформаның мақсаты – Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Осы тұжырымдаманың аясында AI ұлттық орталығын ашу жоспарлануда", деп жазды Қуанышбек Есекеев Facebook-тегі парақшасында.

Жобаның миссиясы - алдағы жылдарда Қазақстанның AI трансформациясын жүзеге асыру.

"AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы - тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып табылады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары - білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамаларын қамтиды", деді ол жазбасында.

Сондай-ақ осы жоба аясында келесі бастамаларды қамтитын жол картасы әзірленді:

AI саласындағы негізгі жобалар мен зерттеулерде ынтымақтасу үшін білім беру мекемелерін, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен технологиялық мекемелерді біріктіретін AI кампусы;

YNOV, 01EduSystem және Tumo мектептерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленетін оқу бағдарламаларын қолданып, оқушылар мен студенттер арасында AI мамандарын даярлау;

Оқу курстары, шеберлік сабақтары және желілік іс-шаралар арқылы AI қауымдастығын дамытуға үлес қосатын P2P академиясын ашу.

"Бұл бастамалар елімізде инновациялық дамуға, білім мен оқыту деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаһандық AI индустриясындағы еліміздің позициясын нығайтуға ықпал ететін тұрақты AI экожүйесін құруға бағытталған", делінген жазбада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жи #орталық #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);