конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоға...

Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі – Президент

Әлеумет 19.04.2023, 12:39 1,139
Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі – Президент
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы мектепте алынған білімді қалай шынайы бағалау қажеттігін ойластыру қажет.


Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес. Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Осы орайда Мемлекет басшысы мектепте алған білімді қалай шынайы бағалауға болатындығын ойластыру қажеттігін баса айтты.



«Сонымен қатар жаңа ведомство немесе тестілеу, сертификаттау және басқа да орталықтар құрудың мәні жоқ. Біз бұдан өтіп кеттік. Бұл да –жемқорлық тәуекелдерінің көзі. Сондықтан Үкімет осыған қатысты өз ұсынымын беруі тиіс», – деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім сапасы #көрсеткіш #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

11 тамызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесі бұзылды

Бүгін 08:15

Медеу ауданында Абайдың рухани мұрасы ұлықталды

Кеше 18:35

Этномәдени бірлестіктер өкілдері Алматыда Абай мұрасына арналған кездесуге қатысты

Кеше 18:05

Таза ауада жүгіру мен зумба: Спорт күні аясында ALMATY MOVE алматылықтарды біріктірді

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);