Елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын зауыт іске қосылады

Елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын зауыт іске қосылады Сурет: Egemen.kz

Кәсіпорынның мақсаты – қолжетімді, жоғары сапалы және сенімді техника шығару.


Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы агрегаттары мен құралдарын шығаратын “ҚазАгроМаш” зауыты пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаңа машина жасау кәсіпорнының 2024 жылғы наурыздағы өндірістік қуаты жылына 150 бірлік ауыл шаруашылығы құралын құрайды.


Зауыт мамандары қазірдің өзінде өндірістік желілерін жолға қойып, алты түрлі құрал-сайман шығаруды игерді.


Зауытта мынадай техникалар шығарылады:


жалпақ кескіштер;


тегістегіштер;


соқалар;


қар жинағыштар;


дискілі тырмалар мен тіркемелер.



13 жыл тәжірибесі бар кәсіпорынның мақсаты – қазақстандық аграрлық сала мамандары үшін қолжетімді, жоғары сапалы және сенімді техника шығару. Әлі салынып жатқан зауыттың цехтарындағы алғашқы құрал-саймандардың әзірлемесі 2023 жылдың басында басталды, ал техника 2023 жылдың маусымында алғашқы сынақтан өтті, содан кейін сатылымға шығарылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21