AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде ашаршылық туралы жаңа фильм түсіріліп біт...

Елімізде ашаршылық туралы жаңа фильм түсіріліп бітті

Мәдениет 11.05.2023, 02:45 2,634
Елімізде ашаршылық туралы жаңа фильм түсіріліп бітті
Сурет: Ашық дереккөз

Сюжет Жұпар есімді жас әйелдің тағдырына негізделген
 
Ардақ Әмірқұлов жаңа фильмін көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығына сілтеме жасап.


Белгілі қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұлов («Отырардың күйреуі», «Қош, Гүлсары!») «Жел тоқтаған жер» атты жаңа фильмін көрермен назарына ұсынуға дайындалып жатыр.


Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.


Сюжет Жұпар есімді жас әйелдің тағдырына негізделген. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында екі кішкентай баланың анасы жалған айыппен Сібірге жер аударылған күйеуін іздеп жолға шығады.


Саяхат барысында Жұпар түрлі қиындық пен сынақтан өтіп, жол бойында Қазақстанның шексіз даласында ашаршылықтан өлуге қалған адамдарды кездестіреді.


Фильмнің түсірілім жұмыстары өткен жылдың күзінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында, Қосқұдық теміржол станциясында және Қонаев қаласының маңында өтті.


Басты рөлдерді Жанар Шопанова, Салих Бейсенбай, Мейіржан Мұсақожа және басқалар сомдап шықты.


Жобаның сценарий авторлары мен режиссерлері - Ардақ Әмірқұлов пен Бағлан Құдайберлиев.


Әмірқұловтың айтуынша, фильм көпшілік көрерменге арналған, өйткені картина баяндайтын трагедияны іс жүзінде қазақтың әр отбасы бастан кешкен.


Фильм ақ-қара форматта түсірілген.


«Ақ-қара формат сол жылдардағы атмосфераны сезіндіру үшін таңдалды, ол көрерменді деректі шежіреге бағыттайды», - дейді режиссер.


Қазіргі уақытта фильмді монтаждау жұмысы жүріп жатыр.


Картинаны прокатқа шығару осы жылдың күзіне жоспарланған. Сондай-ақ, фильм авторлары халықаралық кинофестивальдерге де қатысу ойда бар дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #ашаршылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);