Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде "Аналар саулығы" бағдарламасы басталады

Елімізде "Аналар саулығы" бағдарламасы басталады

Әлеумет 22.10.2024, 08:58 1,292
Елімізде "Аналар саулығы" бағдарламасы басталады
Сурет: Islam.kz

Жоба 2025 жылдан бастап жүзеге асады.

Бағдарламаға сәйкес, бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелмек, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі ана денсаулығы басқармасының басшысы Шәкизат Халықова 2025 жылдан бастап Қазақстанда 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдер үшін арнайы әзірленген "Аналар саулығы" бағдарламасы басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба еліміздегі дені сау және жоспарлы жүктілік санын арттыру үшін бала тууды жоспарлап отырған әйелдерді кешенді тексеруге бағытталған.

Бағдарламада жүктілікті жоспарлайтын фертильді жастағы барлық әйелдердің денсаулық индексін анықтау үшін учаскелік дәрігерлердің міндетті тексеруінен өтуі қарастырылған. Қыздар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлінбек.

"Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін жүктілікке дейін сауықтыру шараларын өткізу ұсынылады, бұл жүктілікке дейінгі дайындық деп аталады. Бұл кешен денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды жүктілікке, дені сау бала тууға дайындауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдік шараларды қамтиды",-деді Халықова.

Министрлік өкілі осы бағдарлама аясында еліміздің 20 өңірінде алғаш рет жүктілікке дайындық бойынша үйлестіруші мамандар оқытылып, клиникалық тексеру хаттамасы бекітілгенін атап өтті.

"Перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін әрбір қызды ерте жастан ана болуға дайындап, ұрпақты болу денсаулығын нығайту қажет. Біз барлық әйелдерді жүктілікті жоспарлауға, жүкті болмас бұрын тексеруден өтуге және медицина мамандарының ұсыныстарын орындауға шақырамыз", – деді Шәкизат Халықова.

Бағдарлама 8 негізгі бағытты қамтиды:

- Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және әртүрлі инфекциялардың, соның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алуға бағытталған әдеттерді қалыптастыру;

- Профилактикалық тексерулер: фертильді жастағы әйелдер мен қыздардағы патологияларды анықтау және оларды емдеу;

- "Ерлі-зайыптылардың денсаулық паспорты" жобасы: некеге тұрғанға дейін ерікті профилактикалық тексерулер жүргізу;

- Әйелдерді концепцияға дейінгі дайындау және жүктілік пен босану нәтижелерін жақсарту;

- Жүкті әйелдерді ерте анықтау және сапалы көмек көрсету;

- контрацептивтермен қамтамасыз ету;

- Әйелдер мен қыздардың денсаулығын жақсарту үшін жаңа технологияларды пайдалану.

- Салауатты өмір салтын және ұрпақты болу денсаулығын насихаттау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ана #жүктілік #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика