Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде алғашқы электронды аукцион өткізіледі

Елімізде алғашқы электронды аукцион өткізіледі

Әлеумет 26.07.2023, 05:03 988
Елімізде алғашқы электронды аукцион өткізіледі
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде жер қойнауын игеруге арналған алғашқы электронды аукцион өткізіледі


1 тамызда E-Qazyna.kz платформасында қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлауға құқық беретін еліміздегі алғашқы электронды аукцион ұйымдастырылады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сәлтеме жасап.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, осыған дейін пайдалы қазбалар бойынша мұндай форматта аукцион өткізілмеген.


Еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыруға арналған сауданы ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп, оны өткізудің ережелері жан-жақты қаралып, тетігі әзірленді. Барлық учаске туралы ақпарат Қазақстан картасында көрнекіленіп, сондай-ақ статистикалық мәлімет пен басқа да деректер блогы қарастырылған. Электронды аукцион жер қойнауы игеру бағытын дамытып, инвестициялық тартымдылықты арттыруда маңызды қадам болып саналады.


Осы уақытқа дейін мемлекет ҚПҚ кен орындарын игеруге құқық беретін дәстүрлі аукциондарды өткізіп келгенін айта кетейік. Енді тамыздан бастап сауда форматы онлайн режімде қолға алынып, аукцион әлемнің кез келген жерінен қол жетімді болады. Бұдан басқа аукционға қатысушылар бір-бірін көрмейді. Демек қандай да бір уағдаластықты алдын алып, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Нәтижесінде мемлекеттік қазынаны толықтыру үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарға жол ашылады.


Аталған аукцион 1 тамызда сағат 10:00-ден басталады. Егер де сауда лоттар жабылғанға дейін қарқын алса, онда 17:00-ге (АСТ) дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер қойнауы #аукцион #игеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика