AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде "Алатау" арнайы экономикалық аймағы құры...

Елімізде "Алатау" арнайы экономикалық аймағы құрылды

Экономика Бүгін 14:53 38
Елімізде  "Алатау" арнайы экономикалық аймағы құрылды
primeminister.kz

Құжатта көрсетілгендей, арнайы экономикалық аймақ 2051 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылғы 21 сәуірдегі қаулыға сәйкес жаңа арнайы экономикалық аймақ — "Индустриялық сауда-логистикалық кешен "Алатау" құрылды.

Ол Жамбыл облысы құрамындағы Қордай ауданы аумағында орналасады. Арнайы экономикалық аймақ аумағы 165 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып саналады.

Жаңа экономикалық аймақты құрудың негізгі мақсаттары:

өңірде заманауи, жоғары өнімді және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізу;

химия, мұнай-химия, металлургия, металл өңдеу, резеңке және пластмасса өнімдерін шығару сияқты өңдеу өнеркәсібін дамыту;

агроөнеркәсіп кешенін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сақтау, қаптау және аграрлық логистиканы дамыту;

сауда-логистикалық және тарату орталықтарын қалыптастыру, кедендік және мультимодальды тасымал жүйелерін дамыту;

машина жасау саласын, электротехника және электроника өндірісін дамыту;

индустриялық, сауда және сервис инфрақұрылымын қалыптастыру.

Жоба аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған.

Жаңа арнайы экономикалық аймақта арнайы құқықтық режим белгіленетіні, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатыны көрсетілген.

Сонымен қатар Арнайы экономикалық аймақ аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруі, шығуы, транзиті және болу тәртібі реттеледі.

Құжатта айтылғандай, Арнайы экономикалық аймақ қызмет ету мерзімі аяқталуына байланысты таратылған жағдайда, Жамбыл облысы әкімдігі:

Арнайы экономикалық аймақ таратылардан кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында оның жабылатыны туралы хабарлама жариялайды, сондай-ақ өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімін көрсетеді;

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғаларға тауарларды басқа кедендік рәсімге ауыстыру тәртібін түсіндіреді;

Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін бір ай ішінде Президентке және Үкіметке оның қызмет нәтижелері туралы есеп береді.

Арнайы экономикалық аймақ құрамына:

100 гектар өнеркәсіптік-индустриялық аймақ;

65 гектар сауда-логистикалық аймақ кіреді.

2051 жылға дейінгі негізгі мақсатты көрсеткіштер белгіленген:

жалпы инвестиция көлемі – 550 млрд теңге;

шетелдік инвестициялар – 300 млрд теңге;

отандық инвестициялар – 250 млрд теңге;

өндіріс көлемі – 1,05 трлн теңге;

қатысушы компаниялар саны – 260;

қосымша қызмет саласында жұмыс істейтіндер – 700 адам;

жұмыс орындары – 11 500;

жергілікті қамту үлесі – 85%.

Қаулы 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруда

Бүгін 15:53

«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика