Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Заң мен тəртіп 22.02.2023, 06:34 1,058
Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Сурет: Freepik

Қазір "Қазақстан кітапханасы" мәтін терушілерді жұмысқа алып жатыр деген жарнама тарап кетті.


Алайда бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.



Басылым жарнамадағы "Қазақстан кітапханасы" деген атауға назар аудартады. Елімізде ондай кітапхана жоқ, демек, іс жүзінде жоқ кәсіпорын қызметкерлерді қабылдай алмайды.



Видеода көзілдірік киген ақ шашты әйел мол табыс табу туралы айтады. Оның фотосуретін желіден іздестіргенде, 2022 жылы ол күмәнді риэлторлардың қызметін жарнамалағаны анықталды. Сондай-ақ ол өзін бастауыш сынып мұғалімі ретінде таныстырып, мәтін теру арқылы 23 мың рубль тапқаны туралы айтқан видео тарады. Демек, ол алдын ала дайындалған мәтінді оқитын актриса болуы мүмкін.



Мәтін теріп, көп ақша табу – алаяқтардың айла-амалдарының бірі. Олар әдетте нақты жұмыс берушілерге қарағанда әлдеқайда жоғары жалақы төлеуге уәде етеді. Ал қызмет үшін ақы төлейтін кезде, олар алдымен "кепіл" ретінде аз мөлшерде ақша жіберуді сұрайды. Аударманы алғаннан кейін, алаяқтар байланысты тоқтатады.



Басылым "таралған ақпарат – алаяқтардың ісі" деген қорытынды жасады. Мұндай ұсыныстарға сенбеген дұрыс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #кітапхана #мәтін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика