AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде 2025 жылға дейін 19 су электр стансасы са...

Елімізде 2025 жылға дейін 19 су электр стансасы салынады

Өмір-өзен 03.06.2022, 05:20 1,662
Елімізде 2025 жылға дейін 19 су электр стансасы салынады
Сурет: Мassaget.kz

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс депутаттарының сауалына осылай жауап берді.


2025 жылға дейін Қазақстанда 19 су электр стансасы салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2065 МВт болатын 136 жаңартылатын энергия көзінің объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде қуаты 684 МВт болатын 40 жел электр нысаны, 1093 МВт электр өндіретін 51 күн электр нысаны, жиынтық қуаты 280 МВт болатын 40 су электр нысаны, 8 МВт энергия өндіретін 5 биоэлектростанция бар. 2021 жылы жалпы қуаты 393 МВт болатын 19 нысан пайдалануға берілді. 2022 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша, жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр қуатының көлемі - 933,07 млн кВт/с», - деп жазылған жауапта.



Болат Ақшолақов жолдаған жауапқа қарағанда, 2025 жылға дейін қуаты 1074 МВт болатын 53 жаңартылатын энергия көзінің жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде қуаты 129,77 МВт болатын 19 су электр станциясын, 812,39 МВт қуат өндіретін 23 жел электр станциясын, 116,95 МВт энергия шығаратын 7 күн электр станциясын, 15,35 МВт энергия беретін 4 биоэлетр станциясын салу көзделген.



«Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде шамамен 600 млрд теңге инвестиция тартылады. Соның арқасныда қосымша 3,5 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіріп, 6 000 уақытша және 600 тұрақты жұмыс орындарын құруға болады. Биыл жалпы қуаты 290,6 МВт болатын жаңартылатын энергия көзінің 10 объектісін іске асыру жоспарланып отыр», - деп жазады министр.



ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, кейінгі бес жылда электр энергиясын тұтыну көлемі 27 пайыз артқан. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банк Қазақстанның энергия жүйесіне аудит жүргізуге грант бөлді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сэс #Қазақстан #мвт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бүгін 09:10

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);