AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істей...

Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Әлеумет 23.11.2023, 05:20 872
Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Сурет: Gov.kz

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 029 шетел азаматы еңбек етеді.


Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 345 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 588 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 767 және 608 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 078 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 643 адам тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 612 жұмыс беруші бар. Оларда 468,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2% - ы.


Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 312 адам (25,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 580 адам (12,1%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 216 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 194 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 757 адам (5,8%).


Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 884 адам (29,8%), Өзбекстан – 1 777 адам (13,6%), Түркия – 1 254 адам (9,6%), Үндістан – 1 232 адам (9,4%).


Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетел азаматы #жұмыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);