Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңғ...

Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңға жуық білім грантын бөлді

Әлеумет 12.08.2022, 11:17 1,145
Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңға жуық білім грантын бөлді
Сурет: Tengrinews.kz

Әкімдіктердің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр.


Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжат қабылдау 10 тамызда басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 


Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктен немесе олардың ресми сайтынан алуға болады.


Жыл сайын мамандарды мақсатты даярлауға жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бюджетінен білім беру гранттары бөлінеді. Әкімдіктердің гранттары конкурстық негізде тағайындалады. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын талапкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.


Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңға жуық грант бөлді. Негізінен, әкімдіктерге педагогтер, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылық саласының мамандары қажет. Биыл елорда әкімдігі бакалавриат деңгейі бойынша мамандарды даярлауға ең көп тапсырыс берді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі педагогикалық және медициналық мамандықтар үшін 1200-ге жуық грант бөлді. Шығыс Қазақстан облысы Абай облысымен бірлесіп 450 грант, Ақмола облысы 229 грант тағайындады.


Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тойлауға орай Қостанай облысының әкімдігі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде оқуға 15 грант бөлді. Өнер саласының мамандарын даярлауға тек Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі грант бөліп отыр, олар жергілікті бюджет есебінен 15 маман оқытуға дайын.


Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері биыл бакалавриатта мамандарды оқытуға тапсырыс жасамаған. Алматы қаласы және Павлодар облысының әкімдіктері өңірдің жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қажеттілігін ескере отырып, облыстық бюджет қаражатынан тек магистратура мен резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша гранттар бөледі.


Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады: білімі туралы құжат; ҰБТ сертификаты; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жеңілдік санатын растайтын құжаттар.


Грантты тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант #әкімдіктер #құжат қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика