AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электрондық үкімет қызметі енді Aitu қосымшасында

Электрондық үкімет қызметі енді Aitu қосымшасында

Әлеумет 31.07.2021, 15:50 1,773
Электрондық үкімет қызметі енді Aitu қосымшасында
aikyn.kz

Қосымшада қажет анықтама мен ақпаратты алып, Халыққа қызмет көрсету орталығына бронь қоюға болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz aikyn.kz сілтеме жасап.





Қазіргі уақытта платформада eGov.kz порталындағы:



  • тұрғылықты жері туралы анықтама алу;

  • жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы);

  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар;

  • зейнетақы аударымдары;

  • әртүрлі медициналық ұйымнан;

  • шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама алуға болады;

  • ХҚКО-да кезекті броньдау қызметі;

  • кепіл туралы анықтаманың барлық түрін қоса алғанда ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтер қолжетімді.



«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығарылды. Осылайша, біз халықтың қызметтерді өзіне ыңғайлы пласформада алуына жағдай жасаймыз», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.



Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп алып, оған тіркелу қажет. Әрі қарай «қосымшалар» бөлімінде «eGov-ты» таңдайсыз немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басасыз. Кейін авторды жазып, өзіңізге қажет қызмет түрін таңдаған соң, бір минут ішінде сауалға жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді.


Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандыққа қолжетімді. Басты талап – мобильді азаматтар базасында тіркелген болу. Егер пайдаланушы МАБ-та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital-ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру қызметін пайдалана алады.




«Aitu құндылығын арттыруға жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жолы жұмысқа орналастыру, БЖЗҚ шотындағы қолжетімді соманы тексеру, сапарларға дайындық және тағы басқа қарапайым мәселелерді шешуге қатысты көрсетілетін қызметтерге баса назар аудардық. Aitu-дың көмегімен кез келген жерде, уақытта және құрылғыда ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың белсенді түрде қолжетімділігінің болғанын қалаймыз», – деп түсіндірді BTS Digital компаниясының продакт менеджері Нұрсұлтан Ахметов.



Aitu-дағы eGov сервисі «ҰАТ» АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анықтама #Ақпарат #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:41

Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін 12:11

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);