конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдос Сметов сыйға алғандарын туыстарына таратып б...

Елдос Сметов сыйға алғандарын туыстарына таратып берген

Әлеумет 02.09.2024, 16:48 2,104 Nursok82
Елдос Сметов сыйға алғандарын туыстарына таратып берген
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында алған сыйлықтарын кімге үлестіргенін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мысалы, ақтөбелік танымал кәсіпкер Әнуар Маханов Елдосқа 100 жылқы тарту еткен.

«100 жылқыны туған екінші ағам бар, соған беретін болдым», – дейді Олимпиада чемпионы.


Ал Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп Lexus LX 600 көлігін мінгізген.

«Ол көлік қазір үйде. Мен оны әкеме сыйладым», – дейді спортшы.


Сондай-ақ соңғы жылдары Сметовті қолдап жүрген Forbes тізіміндегі бизнесмен Жұмабек Жанықұлов Mersedes көлігін берген.

«Бұл көлікті өзім жүргіземін. Нөмірі менің өнер көрсеткен салмағыма лайықталған (060), – дейді чемпион.


Париж Олимпиадасының жеңімпазы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Жерлестері де оған Haval 6 көлігін мінгізген.

«Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір -74-те», – дейді Елдос Сметов.


Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп, бес бөлмелі пәтер сыйлаған. Ол өзінде қалды. Ал демеушілер берген екі бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке тарту еткен.

Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті арыстанның терісін берген, оны спортшы досына сыйлапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Елдос Сметов #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);