Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Өмір-өзен 18.04.2022, 15:12 1,272
Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның алты облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды.


19 сәуірде Түркістан облысының батыс, оңтүстік және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.


Шымкентте 19 сәуірде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні –15-20 м/с. Түркістанда найзағай, ойнап, дауыл тұрады. Шаңды дауыл болады.


Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысынан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығысынан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз кей жерлерде облыстың оңтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с-қа жетеді.


Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай ойнағанда желдің екпіні 17-22 м/с-қа, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с-қа жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Ескерту #Дауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика