AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі күл үйінділерінің аумағы 18,2 мың гектар ге...

Елдегі күл үйінділерінің аумағы 18,2 мың гектар гектарға жеткен

Әлеумет 26.03.2025, 10:48 754
Елдегі күл үйінділерінің аумағы 18,2 мың гектар гектарға жеткен
Сурет: ЖИ

Ел аумағындағы күл үйінділерінің көлемі 1,41 млрд текше метрге жеткен. 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Бүгінгі таңда елімізде 227 электр станциясы жұмыс істейді. Бұл ретте оның ішінде көмірді негізгі отын ретінде пайдаланатын ірі энергия өндіруші ұйымдардың саны — 21. Осы энергия өндіруші ұйымдар ауданы 18,2 мың гектар 27 күл үйіндісін пайдаланады. Күл үйінділерінің жалпы көлемі — 8,23 млрд текше метр, оның 1,41 млрд текше метрі толтырылды. 2024 жылы күлді өңдеумен айналысатын компаниялар 69,2 мың тонна күлді өңдеді, — деді ол.

Сондай-ақ, министр күлді өңдеу әсіресе цемент пен бетон өндіру саласына тән екенін айтты.

— Қазақстанда күлдің құрамы өнеркәсіп талаптарына сәйкес келмейді. Қазақстандық жылу энергия орталықтары мен мемлекеттік аудандық электр станциялары негізінен құрамында жанбайтын қоспалары жоғары қоңыр және тас көмірді пайдаланады. Сондай-ақ, күл-қож қалдықтарында күкірт қосылыстары мен сынап, қорғасын, мышьяк сияқты ауыр металдар бар, бұл құрылыстағы күлдің құнын төмендетеді. Осыған байланысты қосымша тазалау және қайта өңдеу қажет, бұл соңғы өнімнің өзіндік құнын арттырады, — деді Ерлан Ақкенженов.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күл үйінділері #энергетика министрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);