AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі балалар қандай кітаптарды оқып жүр?

Елдегі балалар қандай кітаптарды оқып жүр?

Әлеумет 02.06.2024, 13:45 1,032 dulatbekova
Елдегі балалар қандай кітаптарды оқып жүр?
Сурет: Newsroom.kz

Фантастика, комикстер мен көркем әдебиет. 

Еліміpдегі балалар осындай жанрлардағы кітаптарды оқиды екен. Ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің 249 балалар кітапханасы арасында оқырмандар сұранысы бойынша жүргізген талдауы нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл жас оқырмандар саны 1 733 686 адамға жетті.

Сауалнама нәтижесі бойынша балалардың кітапханаға деген қызығушылығы артып келеді, олар әсіресе фантастика, комикстер мен көркем әдебиет оқығанды ұнатады.

Ең көп оқылатын кітаптар — Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Жоан Роулиңнің «Хәрри Поттер» және Марк Твеннің «Том Сойер» шығармалары болды.

Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Зира Наурызбаева, Серікбол Хасан, Зауре Төрехан және басқа авторлардың шығармаларын балалар қызығушылықпен оқыған.

Балалар сүйіп оқитын басылымның бірі — комикстер.

Жас оқырмандар Ұларбек Нұрғалымұлының «Ілияс пен Заңғардың планшеті», Оразхан Жақыптың «Еркетай», Ілияс Юсуфтың «Керей мен Жәнібек» шығармаларын, сондай-ақ Майк Барфилдтің «Комикстегі әлем тарихы», «Комикстегі жаратылыстану» аудармасын ұнатады.

Қазақ ертегілері мен әлем халықтарының ертегілері бойынша «Қазақ және әлем халқының ертегілері», «Авторлық ертегілер», «Алатау ертегілері» «Таңдаулы ертегілер», Чарльз Перро мен Ағайынды Гриммдердің ертегілері көп сұралады.

Айта кетейік, Қазақстандағы балалар кітапханаларының қызметі баланы тәрбиелеуге, білім беруге, ақпараттандыруға және тұлғалық дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #кітап оқу #көркем әдебиет #Комикстер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);