Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар

Елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар

Әлеумет 26.03.2024, 13:45 939
Елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар
Сурет: Astanatv.kz

Оның ішінде 47 мыңы - проблемалық несие.


Оқуын бітірмей жатып, қарызға батқан жастардың санын азайту үшін оларға кредит беру тәртібі өзгереді. Банкке қомақты қарызы бар жастардың бірі Батухан Ысқақов. Студент танысына көмектесемін деп, өз атына несие алған. Кейін алданғанын түсінген. Бұрын-соңды банктен қарыз алып көрмеген жігіт несие рәсімдеудің түк қиындығы болмағанын айтады. Бір миллионға жуық несиені бар-жоғы бес минутта рәсімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Кредитті өзім жауып тастаймын деген соң мен сеніп, 810 мың теңге онлайн несие алып бердім. Бірақ ай сайынғы төлем уақыты келгенде жаңағы бала уәдесінде тұрмады. Нәтижесінде менің несие тарихым бұзылды. Кейін оның тағы 5-6 студентке дәл осылай қарыз алдырып, ақшасын қайтармай жүргенін білдім. Өзім ақылы бөлімде оқимын. Сабақтан кейін жұмыс істеймін. Енді оқуымның ақысымен қатар кредитті де төлеуге тура келеді», - дейді студент Батухан Искакова. 

Статистикаға сүйенсек, елдегі 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие. Кей банктер жұмысы жоқ болса да, 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген. Енді табысы жоқ студенттерге несие берілмейді.



«Жастарға кредит берудің динамикасын қарасақ, проблемалық кердиттердің үлесі артып келеді. Қазіргі уақытта 11% дейін жетті. Сол себептен енді жастар үшін кредиттерді ресми түрде тіркелген табыстары болса, кірістері болса, тек қана сол кезде қаржы ұйымдары береді. Бұл 18-21 жас арасындағы азаматтарға арналған», - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова. 



Ал жұмысы жоқ студенттер үшін, төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектерді реттеу тетіктері бар. Ол үшін студенттер банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына арыз жазу керек. Сонда оларға жаңа төлем кестесі жасалады, деді агенттік төрағасы. Ал сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынады.



«Несие алып, қарызға батқан жастар көбейіп барады. Маған микроқаржы ұйымдары мен банктерге жарты миллион теңге берешегі бар студенттер келіп кеңеседі. Ата-наларына айтуға қорқады. Ал өз еркімен мәселені шеше алмайды. Сондықтан мен 21 жасқа дейін несие бермеу керек деп есептеймін. Қазақстанның банк жүйесінде мұндай тәжірибе бұрын болған. Сондай-ақ, тексеру кезінде табысы қарызын жабуға жетпейтін азаматтарға банк қалай кредит ресімдейтіні түсініксіз. Жұмыс істесе де, істемесе де 21 жасқа дейін кредит рәсімдеуді заң жүзінде шектеу қажет», - банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.



Жастарға несие беруді шектеу туралы депутттар да айтқан. Бірақ қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы "кредит алу әр адамның конституциялық құқығы" деп түсіндірді. Сондықтан студенттер үшін тек табыс жағынан шектеу болады. Оның өзінде шәкіртақылары ресми кіріс болып қала береді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#студенттер #несие #проблема
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика