Елде ЖРВИ өршіп тұр - Бас санитариялық дәрігер

Елде ЖРВИ өршіп тұр - Бас санитариялық дәрігер Сурет: Ашық дереккөз

Тұмаудың маусымдық көтерілуі жалғасуда


Елімізде апта сайын ЖРВИ-дің 160 мың жағдайы тіркеліп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Емағамбетова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі уақытта ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) және тұмаудың маусымдық көтерілуі жалғасуда. Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3,8 млн жағдайы және тұмаудың 3 234 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.



Оның атап өтуінше, апта сайын орташа есеппен ЖРВИ-дің 160 000 жағдайы тіркелуде.



«Байқап отырғаныңыздай, ақпан айында ауру төмендеген жоқ, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауру 30 пайызға артты. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес ЖРВИ-мен ауыру сәуірдің аяғына дейін артады және кейін азаяды», - деді вице-министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23

13:21

12:23

12:07