AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел тұрғындарының азық-түлік шығыны 10%-ға өсті

Ел тұрғындарының азық-түлік шығыны 10%-ға өсті

Әлеумет 19.09.2022, 08:05 1,143
Ел тұрғындарының  азық-түлік шығыны 10%-ға өсті
Сурет: Strategy2050.kz

2022 жылдың екінші тоқсанында қазақстандық отбасылардың шығыны орта есеппен 774,9 мың теңгеге жетті.


Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл ретте отбасылардың табысы бір жыл ішінде 16,4%-ға өсіп, 2022 жылдың екінші тоқсанында 819,4 мың теңгені құрады.


Шығыстар мен кірістердің орташа бір отбасына арақатынасы бір жылда 96,1%-дан 94,6%-ға дейін қысқарды. Ақшалай мәндегі кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде 27,1 мың теңгеден 44,5 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай деректерді Finprom сарапшылары ұсынды.


Өңірлік бөліністе ең төмен шығыстар Қостанай (орта есеппен бір үй шаруашылығына 559,2 мың теңге) және Абай (573,6 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (598,6 мың теңге) байқалды. Бұл ретте Қостанай және Абай облыстарында шығыстар тиісінше кірістердің 76,5%-ын және 74,9%-ын ғана құрайды, ал Шымкентте көрсеткіштер іс жүзінде тең болды (арақатынасы - 99,8%).


Ең көп шығыстар Алматы (932,4 мың теңге), сондай-ақ Қызылорда (924,8 мың теңге) және Ұлытау (912,7 мың теңге) облыстарының үй шаруашылықтарына тиесілі болды.


Қазақстанның төрт өңірінде үй шаруашылықтарының шығыстары табыстарынан асып түсті: Алматыда (10,6%-ға), Алматы облысында (10%-ға), Жетісу облысында (9,9%-ға) және Түркістан облысында (5,4%-ға).


Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының құрылымында тұтыну шығыстары басым. 2022 жылдың екінші тоқсанында олар 713,9 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға артық.


Оның 398,5 мың теңгесі азық-түлік тауарларына, 182,2 мың теңгесі азық-түлік емес тауарларына, 133,2 мың теңгесі ақылы қызметтерге жұмсалды.


2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда азық-түлік тауарларына шығын 10,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына 17,7%-ға, ақылы қызметтерге бірден 20,1%-ға өсті.


Бұдан басқа, 2022 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығына орта есеппен 45,3 мың теңге кредит пен борышты өтеуге, тағы 15,6 мың теңге туыстарына, таныстарына материалдық көмекке, алиментке, салықтарға, төлемдерге және басқа да төлемдерге жұмсалған шығыстарды құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #шығын #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);