конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел тұрғындарына аптапқа байланысты күндіз сыртқа ш...

Ел тұрғындарына аптапқа байланысты күндіз сыртқа шықпау ұсынылды

Әлеумет Бүгін 11:23 34 yakiya
Ел тұрғындарына аптапқа байланысты күндіз сыртқа шықпау ұсынылды

Себебі, синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері орталық, солтүстік және батыс облыстарда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте кей жерлерде ауа температурасы +45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар кей өңірлерде екпінді жел соғып, найзағай ойнауы ықтимал.

"Қазгидромет" баспасөз хатшысы Аружан Мұратованың айтуынша, атмосфера фронттарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

"Шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауғанымен, аптап ыстық сақталады. Қазір Қазақстанда байқалып отырған аптап Иран аумағынан келген ыстық әрі құрғақ ауа массаларына байланысты. Дәл осы ауа ағыны елдің көптеген өңірінде температураның одан әрі көтерілуіне әсер етіп отыр", - дейді маман.

Мұндай ауа райында дәрігерлер күндізгі сағат 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін аса қажет болмаса, далаға шықпауға кеңес береді. Әсіресе қарт адамдар, балалар және ашық аспан астында жұмыс істейтіндер сақ болғаны жөн.

Мамандар суды көбірек ішіп, ашық түсті киім киюге, мүмкіндігінше көлеңкеде немесе кондиционері бар ғимаратта болуды ұсынады.

Болжам бойынша, шектен тыс жоғары температура тағы бірнеше күн сақталады. Кей аймақтарда күндіз 42-45 градусқа дейін қатты аптап болады.

Тұрғындарға ескертулерді мұқият қадағалап, сақтық шараларын сақтау және көліктерде балалар мен жануарларды қалдырмау ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аптап ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейту қажет

Бүгін 11:15

Бүгін еліміздің барлық облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 10:10

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Кеше 19:01

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Кеше 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Кеше 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);