AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Әлеумет 10.02.2025, 15:13 912 Жанболат СМАНҰЛЫ, Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директоры
ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі

·        Биылғы жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің экономикасының, өнеркәсібі мен өндірісінің негізі болатын мамандықтардың  ерекше назарда екенін көрсетеді.

     Бүгінде жұмысшы мамандықтары қоғамда маңызды орын алады, өйткені олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын жақсартуға тікелей әсер етеді. Жұмысшылар кез келген қоғамның тірегі болып табылады. Олар өндірістің жүрегі, ал адамдардың еңбек қызметі – ел экономикасының басты жүйесі.

      Елімізде жұмысшы мамандықтарының маңызы артты. Жаңа технологиялар мен цифрлық инновацияларды енгізу, автоматтандыру мен роботизациялау саласындағы жетістіктер бұл мамандықтардың жаңаруына, түрленуіне ықпал етіп отыр. Еңбек нарығында басқару, ұйымдастыру, зерттеу, кеңес беру сияқты қызметтерден тұратын жұмыс бағыттарына жұмыс іздеушілердің көптігін көріп отырмыз. Дегенмен, қоғамда жұмысшы мамандықтары да жоғары сұранысқа ие, олардың табысы да тұрақты саналады. Осы мақсатта жұмысшы мамандығына жастарды тарту, олардың білімін жетілдіру, кәсіби дағдыларын арттыру – басты міндет. Жастардың қызығушылығын арттыру үшін оқыту жүйесін қайта қарау, жастарға кәсіби бағдар беру, арнайы курстар мен тренингтер өткізу қажет. Өндірісте жүріп, жетістікке жеткен тұлғаларды жиі насихаттап, олармен жастардың тікелей жүздесуін, ақыл-кеңес, тәжірибе алмасуын ұйымдастырған жөн.

         Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын дамыту үшін арнайы бағдарламалар да қабылданып жатыр. Мысалы, «Серпін» бағдарламасы аясында ауыл жастарын техникалық және кәсіби біліммен қамту жолға қойылды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын оқытатын колледждер мен оқу орындарының саны көбейіп, оларда заманауи жабдықтар мен тәжірибелі ұстаздар жұмыс істей бастады.

 

Ел экономикасының қозғаушы күші

                                         

 Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарының табиғаты өзгерді десек, артық емес. Себебі, жоғары технологиялық өндірістер мен инновациялық шешімдер жұмысшы мамандықтарының жұмыс істеу үрдісін өзгертті. Мәселен, дәнекерлеуші мамандығы роботтандырылған қондырғылармен жұмыс істеуге, токарь мамандығы 3D принтерлермен және цифрлық басқару жүйелерімен жұмыс істеуге көшті. Сондықтан бұл мамандықтар жоғары біліктілікті және жаңа дағдыларды қажет етеді. Әрине, ең алдымен жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының қозғаушы күші. Әсіресе, қазіргі экономикалық дағдарыс кезеңінде, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өте маңызды рөл атқарады.

     Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмысшылар ел игілігі үшін елеулі еңбек етіп жатыр. Құрылысшы, металлург, энергетик, агроном, механизатор секілді мамандардың қызметі қоғамның барлық саласына әсер етеді. Тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз ететін салалар – аспазшы, тігінші, шаштараз мамандықтары заман талабына сай сәт сайын жаңара түсуде. Осы салалардағы еңбеккерлердің біліктілігі мен кәсіби дағдыларын үнемі арттырып отыру – ең алдымен ел экономикасының дамуына және қуаттануына тікелей ықпал етеді.

    Жұмысшы мамандықтары жылының жариялануы – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Мақсат – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру және жастарды осы мамандықтарға тарту, қоғамда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру. Тек осындай кешенді шаралар арқылы ғана біз қоғамды тұрақты дамытып, өндіріс саласын алға жылжытамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #ел болашағы #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);