Ел бойынша ауа сапасы мониторингі 

Ел бойынша ауа сапасы мониторингі  Алматы әкімдігі

Әлемде әр елдің ауа сапасының өзіндік индексі бар. БҰҰ ЮНЕП сияқты халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның кейбір қоғамдық ұйымдары мен эко-белсенділері өздерінің интерактивті ауа сапасының карталарында (AQI) АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің стандарттарын қолданады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2025 жылдың 9 айында 70 елді мекеннің 19-ы атмосфералық ауаның өте жоғары және жоғары ластану дәрежесіне, 28-і жоғары ластануға, 23-і төмен ластануға жатқызылды. Атмосфералық ауаның жай-күйі туралы толығырақ ақпарат тоқсан сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы бюллетень «Қазгидромет» РМК сайтында www.kazhydromet.kz орналастырылады, ал AirKZ қосымшасында деректер нақты уақыт режимінде сағат сайын жаңартылады.

Алматының атмосфералық ауасының ластану деңгейі қаңтар, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларында «жоғары», ақпан – маусым айлары кезеңінде «өте жоғары» деп бағаланды.

Сондай-ақ, Қарағанды, Теміртау, Өскемен және Балқаш қалаларында соңғы 5 жылда (2020-2024 жж.) атмосфералық ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі байқалғанын атап өтуге болады.
Анықтама.
Қарағанды бойынша РМ-2,5, РМ-10 бөлшектері, көміртегі оксиді бойынша асып кетулер байқалады.
Теміртау бойынша РМ-2,5, РМ-10 (шаң) бөлшектер,  күкірт диоксиді, азот, көміртек оксиді, аммиак, күкіртсутек, фенолдар бойынша асып кету байқалады.
Өскемен бойынша РМ-10 өлшенген бөлшектері, күкірт, азот диоксиді, көміртек оксиді, күкіртсутек, фенолдар бойынша асып кету.
Балқаш қаласы бойынша негізгі ластаушы заттар күкірт диоксиді және күкіртсутек болып табылады.
Жезқазған қаласы бойынша негізгі ластаушы заттар (шаң) бөлшектер, көміртегі оксиді, күкіртсутек және фенолдар болып табылады.

Негізгі ластаушылар «Qarmet», «Қазмырыш» және «Қазақмыс» болып табылады, олар өз қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі шығарындылардың жалпы көлемінің 40%, 32% және 62% үлестері бар.
Өңірлер бойынша ластаушы заттардың шығарындылары бойынша ресми деректер Ұлттық статистика бюросының сайтында https://stat.gov.kz («Қоршаған орта-«Қоршаған орта статистикасы»-«Жарияланымдар»-«Қоршаған ортаны қорғаудың статистикалық жинағы» бөлімінде) орналастырылған.

Халықаралық рейтингтердегі Алматының орны 

Әлемде әр елдің ауа сапасының өзіндік индексі бар. БҰҰ ЮНЕП сияқты халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның кейбір қоғамдық ұйымдары мен эко-белсенділері өздерінің интерактивті ауа сапасының карталарында (AQI) АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің стандарттарын қолданады. Сонымен қатар, әр ел өз шарттарына бейімделген AQI (АҚШ) индексін пайдаланады.  Қазақстан Республикасы бұл индексті (AQI) қолданбайды, өйткені нормативтік-құқықтық база шекті рұқсат етілген концентрацияға (ШРК) бағдарланған («Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығы). 
«Қазгидромет» РМК «AirKz» мобильді қосымшасында және интерактивті картада ауа сапасын бағалау үшін ұлттық стандартты (ШРК) қолданады. Ақпарат сағат сайын жаңартылады.

Қазақстанның жағдайына бейімделмеген «AQI» индексін қолдану деректердің сапасына байланысты емес, АҚШ пен Қазақстан стандарттарының айырмашылығына байланысты әркелкі оқылуына әкелуі мүмкін. Халықаралық платформалар «AQI» индексін деректерді біріздендірілген визуализациялау мақсатында ғана пайдаланады, оны Қазақстандағы ауа сапасын ресми бағалау ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы, әлемдік картада «IQAir» (Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының технологиялық серіктесі) ауа сапасы бойынша (https://www.iqair.com/ru/kazakhstan) АҚШ-тың ауа сапасының индексін қолдана отырып, Қазақстанның атмосфералық ауа сапасының мониторингінің нәтижелері көрсетіледі. Картада онлайн режимінде ластаушы заттардың нақты концентрациясы және «AQI» индексі көрсетіледі, олар өлшеу датчиктеріндегі деректердің жаңартылуына байланысты өзгереді. 

Концентрациялардың сандық мәндерінің өзгеруімен бірге ластану деңгейінің рейтингі де өзгереді. Осылайша, бұл рейтинг аналитикалық емес, нақты уақыттағы нақты жағдай бойынша анықтамалық, ақпараттық сипатта болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:41

15:32

15:15

15:08

15:00

14:35

14:23

14:14

13:40

12:30

12:15

12:01

11:56

11:41

11:20

11:16

11:10

10:52

10:40

10:30

10:19

10:10

10:03

09:57