AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Экономист: қайта өңдеу - экономиканың жаңа бағыты

Экономист: қайта өңдеу - экономиканың жаңа бағыты

Экономика 13.06.2025, 10:23 725 Әспет Бақытжанқызы
Экономист: қайта өңдеу - экономиканың жаңа бағыты
Сурет: saryarka-samaly.kz

Қазақстанның экономикалық дамуында қайта өңдеу салаларына басымдық беру — уақыт талабы.

Экономист Ильяс Исаевтың айтуынша, елдің негізгі экономикалық салаларында оң өзгерістер байқалып отыр, алайда шикізатқа тәуелділікті азайтып, қосылған құны жоғары өнімдер өндірісіне көшу қажет.

«Бiзге ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп саласында қайта өңдеу салаларын дамыту қажет. Шикiзатты, тау-кен, қазба байлықтарын экспорттай бермей, қосылған құны жоғары дайын өнiмдердi шығарып экспорттаған дұрыс», — дейді сарапшы.

Агроөнеркәсіп кешені: рекорд және нәтиже

Кейінгі жылдары агроөнеркәсіп кешенінде айтарлықтай серпіліс бар. 2024 жылы бұл сала 13,7%-ға өсіп, салалар арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Дәнді дақылдар көлемі 26,8 миллион тонна болып, өнімділік 16,2 центнерге дейін артты. Бұл — кейінгі 12 жылдағы рекорд көрсеткіш.

Бұл жетістіктер минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемінің 1,3 млн тоннаға дейін артуы мен элиталық тұқымдарды пайдалану деңгейінің 9,5%-ға дейін жетуі арқылы мүмкін болды. Сонымен қатар, 470 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді — бұл климаттық тәуекелдерге бейімділікті арттыра түседі.

«Агроөнеркәсіп кешені осы бағытта жақсы дамып келедi. Сол сияқты мұнайды қайта терең өңдеу, газды терең өңдеу салалары қолға алынды, қайта өңдеу салаларына шет ел инвестициялары тартылуда», — дейді Исаев.

2024 жылы жалпы сомасы 276,7 млрд теңге болатын 286 инвестициялық жоба жүзеге асты. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8,5 трлн теңге болады деп күтіледі.

Импортты азайтып, отандық өнімді арттыру

Сарапшының пікірінше, басты назар — ішкі нарықты отандық дайын өніммен қамтамасыз ету және импорттық тәуелділікті азайту.

«Бiздiң тұтыну нарығымыздағы импортты азайтуымыз керек. Осы бағытта Үкiмет өте ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Өнеркәсіп саласында қайта өңдеу кәсiпорындарын салу — бұл да кезек күттiрмейтiн шаруа», — дейді экономист.

Дайын астық, мал және ет өнімдерін шикі күйінде экспорттай бермей, оларды терең өңдеп, жоғары сапалы дайын өнім ретінде сыртқы нарыққа шығару – Қазақстанның келешек экономикалық стратегиясының маңызды бөлігі.

«Осылайша iшкi нарығымызды отандық дайын өнiмдермен толықтырамыз, импортты алмастырамыз, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi артады», — деп қорытындылайды Ильяс Исаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #қайта өңдеу #сарапшы #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);