конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Екібастұз ресми түрде моноқала санатынан шығарылды

Екібастұз ресми түрде моноқала санатынан шығарылды

Мұны білген жөн 19.03.2026, 09:58 469
Екібастұз ресми түрде моноқала санатынан шығарылды
gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Осылайша, үкімет Павлодар облысындағы Екібастұз қаласын моноқала санатынан шығарған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министрлік «Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы №248 бұйрығына өзгеріс енгізіп, 10 наурызда қаланы моноқалалар қатарынан ресми түрде алып тастаған.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Екібастұз қаласын «мүлде өзгертетін» тапсырма берген еді.

Енді бүгін хабарланып отырғандай, сол тапсырмалар аясында Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.

«Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз қаласының экономикасы тұрақты түрде әртараптанып жатқаны,  даму жеделдегені белгілі болған. Қаланың экономикасындағы салалар теңесіп, өнеркәсіп тұрақты өсіп, инвестиция көп салынған», - деп хабарлайды министрлік.

Осылайша, енді Қазақстанда 19 моноқала бар. Олар: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #моноқала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Бүгін 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Бүгін 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Бүгін 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Бүгін 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);