Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне 18 спортшы енген.
Ерлер:
60 кг дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев
73 кг дейін: Есет Қуанов
81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг дейін: Айдар Арапов
100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров
Әйелдер:
48 кг дейін: Диана Бүркеева
57 кг дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
63 кг дейін: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 кг дейін: Ажар Асхат
78 кг дейін: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, құрамда өзгерістер болуы мүмкін.
Азия чемпионаты 16–18 сәуір аралығында өтеді.