AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Душанбедегі турнирде қазақстандық жас теннисші аб...

Душанбедегі турнирде қазақстандық жас теннисші абсолютті чемпион атанды

Спорт 08.05.2022, 09:01 1,547
Душанбедегі турнирде қазақстандық жас теннисші  абсолютті чемпион атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Даниил Фелькер Тәжікстан астанасы Душанбеде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен төртінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, алматылық, 17 жастағы Д.Фелькер жекелей сында финалда 14-тегі тағы бір қазақстандық Әмір Омархановпен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде Даниил Қарағанды қаласының түлегін 6:2, 0:6, 6:2 есебімен ұтты.


Д.Фелькер жұптық сында алматылық Олег Гусаковпен бірге соңғы матчта ақтөбелік Артур Хайрутдинов – қызылордалық Ерасыл Ерділданы 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңді.


Сондай-ақ Ақтөбе қаласында Азия теннис федерациясы аясында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы жарыс аяқталды.


Қыздар арасында соңғы сында қарағандылық Аделина Маманфинаны сүріндірген елордалық Альбина Кәкенова алтын медальға ие болды. Үшінші орынға тағы бір елордалық Әдия Омарбек көтерілді.


Жұптық сында ақтөбеліктер Ева Корышева мен Аружан Дандаева үздік шықты. Олар финалда елордалық Татьяна Иванова – шымкенттік Сабина Шухратовадан басым түсті – 6:4, 6:4. Қарағандылық А.Маманфина мен елордалық Ә.Омарбек қола жүлдені қанағат тұтты.


Ұлдар арасында барлық жүлделі орын астаналық теннисшілердің еншісінде кетті. Мансұр Қайролланы 6:1, 6:1 есебімен қапы қалдырған Ярослав Пшеничный чемпиондық тұғырға көтерілсе, Олжас Есеналы үздік үштікке ілікті.


Жұптық сында М.Қайролла – О.Есеналы жеңімпаз атанса, шымкенттік Шыңғыс Тұрлыбек пен көкшетаулық Тайыр Қайретдиновке екінші, ақтөбелік Мансұр Сайынов пен қарағандылық Рамазан Шағатаевқа үшінші орын бұйырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #теннис #Душанбе #турнир #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);