AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланда 19 жасар ақын сарбаз қызмет етеді

Ұлттық ұланда 19 жасар ақын сарбаз қызмет етеді

Әлеумет Бүгін 10:31 31
Ұлттық ұланда 19 жасар ақын сарбаз қызмет етеді
Фото: Ұлттық Ұлан

Бүгінге дейін ол жинағына 200-ге жуық өлеңін топтастырған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде 19 жастағы ақын сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Талдықорған облысының тумасы Серік Асхатұлы әскери қызметпен қатар шығармашылығын да жалғастырып, бүгінге дейін  жинағына 200-ге жуық өлеңін топтастырған.

Серік бала кезінен әдебиетке жақын болды. Мектептен кейін журналистика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, білім алды. Студенттік шағында курстастарымен бірге «Шамшырақ» атты театр ашуға да атсалысқан. Өнерге деген қызығушылығы оның шығармашылық ізденісіне жол ашты.

Жас ақынның өлеңдерінде философиялық ойлар, өмір, сезім мен адам болмысына қатысты сауалдар жиі кездеседі. Алғашқы шығармаларының бір бөлігі баянсыз махаббат тақырыбынан бастау алған. Оның айтуынша, өлең жазу үшін арнайы шабытты күтпейді. Кейде көңілде жүрген ой мен жауап іздеген сұрақтың өзі ақ параққа түсуге түрткі болады.

Ұландыққа қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Мұхтар Шаханов пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ерекше ұнайды. Олардың өлеңдеріндегі терең ой мен сөз өрнегі жас ақынның өзіндік ізденісіне әсер еткен. Бір қызығы, отбасында ақындық қасиеті бар адам жоқ. Соған қарамастан, ол әдебиетке деген ықыласын өз бетінше дамытып келеді.

Бүгінде Серік Түркістан қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын көне шаһардың тарихи орындары, бай мұрасы мен ерекше атмосферасы жас сарбазға шығармашылық шабыт сыйлайды. Әскери ортаға келгеннен бері оның өлеңдерінде отансүйгіштік тақырыбы да кеңінен көрініс таба бастаған. Бұрын көбіне сезім мен өмір туралы толғанса, енді туған жер, елге қызмет ету, Отан алдындағы борыш секілді тақырыптарды да жырға қосып жүр.

Осылайша, әскери қызмет жас ақын үшін шығармашылығына кедергі емес, керісінше, жаңа тақырыптарға жол ашқан ортаға айналды. Күнделікті әскери міндеттерін атқара жүріп, бос уақытында қарымды қаламымен өлең қорын толықтыруды жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы цифрлық қызметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 15 орынға көтерілді

Бүгін 10:13

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Бүгін 09:25

Қазақстанда құс етін өндіру көлемі артты

Бүгін 09:03

Президент жолдауы: цифрлық экономика әр азаматқа қолжетімді болуы тиіс

Бүгін 08:44

Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды

Кеше 19:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);