27 наурыз - Дүниежүзілік театр күні.
Осы мерекеге орай Aqshamnews.kz тілшісі әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең ерекше театрларды назарларыңызға ұсынады. Бұл нысандар тек сахна өнерімен ғана емес, сәулетімен, орналасуымен және атмосферасымен де ерекшеленеді.
Брегенцтегі қалқымалы сахна
Seebühne Bregenz
Боден көлінің жағасындағы Брегенц қаласында орналасқан бұл сахна жыл сайын жаңарып отырады.

Сурет: depositphotos.com
Әр маусымда мұнда алып декорациялар орнатылып, ерекше шоу көрсетіледі. Сахна тікелей су үстінде орналасқандықтан, техникалық шешімдері де бірегей саналады.
Арена ди Верона
Arena di Verona
Верона қаласындағы ежелгі амфитеатр бүгінге дейін қолданылып келеді.

Сурет: sputnik8.com
Мұнда жаз сайын ірі опера фестивалі өтеді. Театр шамамен 15 мың көрерменді қабылдай алады.
Сидней опера театры
Sydney Opera House
Сидней қаласының басты символы саналатын бұл ғимарат ерекше сәулетімен танымал.

Сурет: ru.wikipedia.org
Ол 1973 жылы ашылған және ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Ғимаратта бірнеше түрлі сахна залы бар.
Герод Аттик одеоны
Odeon of Herodes Atticus
Афины қаласындағы бұл тарихи театрда бүгін де концерттер өтеді.

Сурет: poznamka.ru
Ол б.з. II ғасырда салынған және шамамен 5 мың адамға арналған. Қазіргі таңда Афины фестивалінің негізгі алаңдарының бірі.
Осло опера театры
Oslo Opera House
Осло қаласындағы заманауи театр айсбергке ұқсас пішінімен ерекшеленеді.

Сурет: tripadvisor.ru
Ғимарат 2008 жылы ашылған. Шатырына көтеріліп, қала көрінісін тамашалауға болады.
Харбин Үлкен театры
Harbin Grand Theatre
Харбин қаласындағы бұл театр футуристік дизайнымен көзге түседі.

Сурет: classicalmusicnews.ru
Ол 2015 жылы ашылған. Ғимараттың дизайны аймақтың қатал қысқы табиғатына бейімделіп жасалған.
«Глобус» театры
Shakespeare's Globe
Лондон қаласында орналасқан бұл театр Уильям Шекспир дәуірінің стилінде қайта салынған.

Сурет: ru.advisor.travel
Қазіргі нұсқасы 1997 жылы ашылды. Мұнда қойылымдар көбіне түпнұсқа форматқа жақын түрде өтеді.
Auditorio de Tenerife
Auditorio de Tenerife
Тенерифе аралындағы бұл ғимарат ерекше архитектурасымен танымал.

Сурет: tripadvisor.ru
Ол 2003 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат аралдың басты мәдени символдарының бірі саналады.

Уолт Дисней атындағы концерт залы
Walt Disney Concert Hall
Лос-Анджелес қаласындағы бұл зал заманауи сәулет үлгісі саналады.

Сурет: tripadvisor.ru
Ол 2003 жылы ашылған. Залдың акустикасы әлемдегі ең үздіктердің бірі ретінде бағаланады.
Minack театры
Minack Theatre
Корнуолл жағалауында орналасқан бұл ашық театр жартастың ішінен жасалған.

Сурет: cornwallforever.co.uk
Театр XX ғасырдың басында жеке бастама ретінде салынған. Қазіргі таңда ол туристер арасында өте танымал.
Бұл театрлар сахна өнерінің тек қойылыммен шектелмейтінін дәлелдейді. Олар — архитектура, тарих және табиғат тоғысқан бірегей мәдени кеңістіктер.