AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Дүниежүзілік банк Алматы облысына инвестиция салуғ...

Дүниежүзілік банк Алматы облысына инвестиция салуға әзір

Экономика 10.06.2021, 09:02 1,873
Дүниежүзілік банк Алматы облысына инвестиция салуға әзір
Сурет:Gov.kz

 Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартонды қабылдады.


Екіжақты кездесу барысында Алматы облысы мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресми делегацияны жылы қарсы алған Амандық Баталов өңір экономикасының негізгі бағыттары туралы қысқаша баяндады.



«Елімізде  Трансұлттық компанияның қатысуымен 16 жоба іске асырылып жатса, соның 9-ы – біздің Алматы облысында. Өңір агроөнеркәсіптік салада, қант қызылшасы, соя, жүгері өсіруде көшбасшы саналады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде іргелі жобалар бар. Баламалы энергетикада да жемісті жұмыстар жасалып жатыр. Біз сіздермен осы салаларда, сол сияқты туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде газдандыру, көшені жарықтандыру, кәріз жүйелерін жаңғырту, сонымен бірге ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру бағыттарында ынтымақтастық орнатуға пейілміз. Талдықорғанда ЖЭО салу жоспарда бар. Бұл да - маңызды әрі қажетті жоба. Алда нақты бағытымызды бірлесіп анықтап, жемісті еңбек етуге сіздердің де, біздің де тәжірибеміз жетеді деп ойлаймын», - деді Амандық Баталов.



Өз кезегінде  Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартон жетісулықтардың жылы қабылдауына ризашылығын білдіріп, Дүниежүзілік банктің жұмыс ерекшелігіне, банктің қолдауымен Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.  Солардың арасында «Алматы-Қорғас» жолының инфрақұрылымдық жобасы, 2 мектеп пен балабақшаны қамтитын энергия тиімділігін арттыру жобасы, сол сияқты жастарды қоғамдық өмірге тартуға, олардың өмірлік машықтарын дамытуға бағытталған жастар корпусының жобасы бар.


Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Жан-Франсуа Мартон білім беру, цифрландыру, жол инфрақұрылымы, ирригация, әлеуметтік салаларда, әсіресе, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды қаржыландыруға дайын екендіктерін айтты.



- Біз облыс аумағында ынтымақтасуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Бұған дейін біз ел Үкіметі арқылы ғана жұмыс істедік. Енді облыс басшылықтарымен тікелей жұмыс істеу үшін бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұл бағытта Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіріп отырмыз, - деді Жан-Франсуа Мартон.



Кездесу барысында Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Екатерина Бенджамин де әріптестік байланыстарын жандандыруға ықылас білдірді:



- Біз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін ұзақ мерзімдік жобаларды, соның ішінде қалдықтарды жою және ирригация бағыттарындағы жобаларды бірге атқаруға дайынбыз, - деп атап өтті ол.



Амандық Баталов әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін екі жақты әріптестік байланыстардың маңыздылығын атап өтті.



- Біздің ынтымақтастығымызға одан әрі серпін беретін бүгінгі кездесуге келгендеріңізге қуаныштымын. Бұл жүздесудің нақты жемісі көп күттірмейді деп ойлаймын, - деді сөзінің қорытындысында облыс әкімі.



Атап өтсек, Алматы облысының 2021-2030 жылдарға арналған инвестициялық қоржынында жалпы құны 5,5 млрд. теңге болатын, 45 мың жұмыс орнын құратын 592 жоба бар. Соның ішінде құны 112,8 млрд. теңгелік, 3500 жұмыс орнын құратын 66 жоба биылғы жылы іске асырылады, 41 жоба – АӨК саласында, 11 – өңдеу өнеркәсібінде, 4 – ЖЭК және басқа да салаларда іске асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СОР и СОЧ #Школьные оценки #Школьная программа #Қазақстан #Алматы облысы #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);