AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Медицина 04.05.2026, 15:10 155 yakiya
ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Жаңартылған тізімге 23 инновациялық дәрі қосылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі.

Жобаға сәйкес, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 23 инновациялық дәрі 16 түрлі ауру түрі (нозология) бойынша тізімге қосылады.

Атап айтқанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар балаларды емдеуге Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартан препараты енгізіледі.

Ауыр бронхиалды астмаға шалдыққан науқастар үшін Омализумаб дәрісі қарастырылған.

Сонымен қатар, ювенильді артритті емдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, тізімге Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб және Адалимумаб препараттары енгізілмек.

Жалпы, жаңартылған тізімге 23 инновациялық дәрі қосылады. Сонымен бірге, қазіргі емдеу стандарттарына сай келмейтін бірқатар дәрілер тізімнен шығарылып отыр. Бұл амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімділігін арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, өзгерістер Формулярлық комиссияның шешімдеріне негізделген және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде пациенттер заманауи клиникалық ұсынымдарға сай ем алатын болады.

Жаңартылған тізім қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 20 мамырға дейін орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);