ffin.kz

Доллар, сен неден күшті болдың?

Доллар, сен неден күшті болдың? Элеонора Якия

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы кеше күрт өсті. Осыған байланысты Ұлттық банк мәлімдеме жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы аясында теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңгені еңсерді. Қазіргі уақытта биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4%-ға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңгені құрайды.
 
Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етеді.
 
АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді (2024 жылғы 28 қараша бойынша).
 
Доллардың күш алуы – шикізат таурлары үшін әдеттегідей теріс фактор. Мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді, Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады.
 
Ресей Федерациясының қаржы секторына қарсы жаңа санкциялар енгізу аясында елдің негізгі сауда серіктестерінің бірінің валютасы – Ресей рублі әлсірей түсті. Осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қараша айының басынан бастап 11,2%-ға әлсіреді. Forex Халықаралықвалюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты, ал рубль айдың басынан бастап 18%-ға әлсіреді.

Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында байқалды. Мәселен, осы жылдың қараша айында сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың қараша айынан (193 млн АҚШ доллары) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары.

Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді, оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылатын болады.

Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын", - делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
1
Соңғы жаңалықтар

12:59

12:56

12:48

12:46

12:42

12:39

12:24

12:21

12:01

11:45

11:34

11:15

10:59

10:36

09:34

09:33

09:13

08:49

08:33

08:15

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10