Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Джей Лоның концертіне келген көрермендердің үштен...

Джей Лоның концертіне келген көрермендердің үштен бірі – туристер

Барлығы 10.08.2025, 17:29 568
Джей Лоның концертіне келген көрермендердің үштен бірі – туристер
интернеттен

Бүгін Алматы әлемдік музыка аренасының бір бөлігіне айналды. 

Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы көптен күткен концерті үшін қалаға 8 мыңнан аса турист арнайы келді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, көрермендердің үштен бірі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар. Бұл - Алматы жаһандық музыкалық индустрияның жаңа орталықтарының біріне айналғанының бір көрінісі. 

Концерт билеттері түгелдей сатылып кеткен. Оларды 35-тен аса елдің тұрғындары сатып алған. Ең көп қызығушылық танытқандар: ТМД елдері, Еуропа, АҚШ, БАӘ, сондай-ақ Канада, Түркия, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея азаматтары. Бұл шараның халықаралық деңгейін көрсетіп, Алматының аймақтағы жаңа мәдени астана ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Туристер қатарында Қырғызстан, АҚШ, БАӘ, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Испания, Беларусь, Грузия, Әзербайжан және Ауғанстаннан келген қонақтар бар. Сондай-ақ Канада, Швейцария, Қытай, Польша, Сауд Арабиясы, Мексика, Катар, Финляндия, Швеция, Дания, Литва, Румыния, Чехия, Украина, Сингапур, Нидерланд, Эстония, Замбия, Таиланд және басқа да көптеген елдерден көрермендер келді.

Шетелдік туристер Алматыда орта есеппен үш-бес күн болып, осы уақыт ішінде шамамен 1 500 доллар жұмсайды. Бұл қаражат қонақүй, мейрамхана, көлік, экскурсия, сауда және өзге де қызметтерге кетеді. Мұндай ауқымды шаралар тек жанкүйерлерді ғана біріктіріп қоймай, туризмнің дамуына да серпін беріп, Алматының мәдени және гастрономиялық астана ретіндегі имиджін күшейтеді, сондай-ақ қаланың негізгі экономикалық секторларындағы белсенділікті арттырады.

Мәскеуден арнайы келген Яна есімді қонақ өз әсерін бөлісті.

«Бұл концертке келгеніме өте қуаныштымын. Қалаыңыз тамаша! Көрікті жерлері, таулары, ас мәзірі керемет! Барлығы ұнады, бұл кеш есімде ұзақ сақталады», - дейді ол.

Алматыдағы концерт қазақстандық жанкүйерлердің өтініші бойынша тур кестесіне қосылған. Ол қаланың әлемдік музыка индустриясындағы жаңа орталық ретіндегі мәртебесін бекіте түсетін мәдени оқиға болмақ.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джей Ло #Дженнифер Лопес #Концерт #Алматыдағы концерт #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика