Джей Лоның концерті: 10 тамызда Алматыда қай көше жабылады?

  • 11:07, 08 тамыз 2025
Джей Лоның концерті: 10 тамызда Алматыда қай көше жабылады? интернеттен

10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған байланысты қалада қоғамдық көліктің қосымша бағыттары, арнайы кіреберіс аймақтары ұйымдастырылып, автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қалалық қызметтер көрермендерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, тәртіпті сақтауды сұрайды.

20 мыңнан аса көрермен жиналады деп күтіледі. Адам ағынын тиімді үйлестіру мақсатында волонтерлер тартылып, навигация жүйесі күшейтілді. Стадион аумағында металлдетекторлар, LED-экрандар және бейнебақылау камералары орнатылды. Барлық билеттер жалғандықтың алдын алу үшін цифрлық тексерістен өтеді.

Стадионға кіруді ұйымдастыру

Ауқымды концертке байланысты Орталық стадионға кіру сағат 15:00-ден бастап ашық болады. Негізгі іс-шара сағат 19:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар көрермендерге концерт басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын келуді ұсынады, бұл кезектердің, кіреберіс топтарындағы адам шоғырлануы мен өткелдердегі кептелістердің алдын алу үшін маңызды. Қауіпсіздік пен жайлылық – әрдайым басты назарда.

Негізгі жұлдыз сахнаға шыққанға дейін Қазақстан эстрадасының танымал орындаушыларының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама өтеді. Олар стадионға келген алғашқы минуттардан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Негізгі кіру аймақтары:

• Абай даңғылы жағынан:
  5-қақпа – 2–18 секторлар
  6-қақпа – 19–25 секторлар, фан-аймақ және би алаңы
• Байтұрсынұлы көшесі жағынан: 1 және 2-қақпа (отыратын секторлар)
• Сатпаев және Шағабутдинов көшелері жағынан: сахна мен би аймағына өтетін көрермендер
• Бөлек кіреберіс: зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдерге арналған

Стадион алдында волонтерлер бағыт-бағдар көрсету, белгілер арқылы бағдарлау және кіру үдерісін ұйымдастыру бойынша көмек көрсетеді. Стадион айналасында фуд-корттар мен ауыз су тарату пункттері жұмыс істейді.

Анықтама үшін:
• VIP Standing – Оңтүстік трибуна, 4-қақпа (Сатпаев көшесі жағынан)
• Fan Zone, Dance Floor, Free Zone – Солтүстік трибуна, 6-қақпа (Абай даңғылы жағынан)
• Секторлар 26–28, 30–32, 40–42 – Шығыс трибуна, 1-қақпа (Байтұрсынұлы көшесі жағынан)
• Секторлар 33–36, 43–47 – Шығыс трибуна, 2-қақпа (Байтұрсынұлы көшесі жағынан)
• Секторлар 2–9, 11–18 – Солтүстік трибуна, 5-қақпа (Абай даңғылы жағынан)
• Секторлар 19–22, 24, 25 – Солтүстік трибуна, 6-қақпа (Абай даңғылы жағынан)

Маңызды: кіру кезінде өткізу белгісін алу міндетті. Онсыз іс-шара аумағына кіруге болмайды.

Кеңес: стадион схемасымен алдын ала танысып шығу ұсынылады – бұл кіреберісте адам шоғырлануын азайтады.

Стадион маңындағы қозғалыс шектеулері

10 тамызда сағат 14:00-ден бастап келесі көшеаралық периметрде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі: Абай даңғылы – Байтұрсынұлы көшесі – Мұқанов көшесі – Сатпаев көшесі

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Бұл уақытша шектеулер іс-шараның ұйымдасқан әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.

Тегін трансфер: арнайы автобус бағыттары

Концерт қонақтарының ыңғайы үшін Алматы қаласы Орталық стадионға дейін және кері қайту бағытында тегін автобустар ұйымдастырылады.

Шаттл автобустары келесі уақыттарда жүреді: 15:00, 15:45, 16:30, 17:15 және 18:00.

Стадионға жөнелту бағыттары:
• Halyk Arena – Халық Арена аялдамасы
• Қалқаман – №7 қалалық аурухана аялдамасы
• Орбита / Торайғыров пен Мұстафин қиылысы – Демирель колледжі аялдамасы
• Райымбек / Алатау – Жакибаев аялдамасы
• Алматы-1 теміржол вокзалы – ЖД вокзал–1 аялдамасы
• Almaty Arena – Алматы Арена аялдамасы

Әрбір жөнелту нүктесінде волонтерлер кезекшілік етіп, көрермендерге бағыт көрсетеді, автобустарға ұйымдасқан түрде отырғызуға көмектеседі.

КОНЦЕРТТЕН КЕЙІН ҚАЙТУ БАҒЫТЫ (автобустар толығуына қарай жүреді):
• Сатпаев көшесі – Қалқаман
• Байтұрсынұлы көшесінің батыс жағы – Орбита
• Байтұрсынұлы көшесінің шығыс жағы – Алматы-1 вокзалы
• Абай даңғылының оңтүстік жағы – Халық Арена
• Абай даңғылының солтүстік жағы – Almaty Arena және Райымбек / Алатау

Бұл шешім концерттен кейінгі қозғалысты реттеуге, қаладан ыңғайлы және қауіпсіз қайтуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:04

13:50

12:27

12:24

11:50

11:38

11:37

11:07

10:44

10:30

09:40

21:05

19:47

17:35

16:15

15:10

15:01

14:30

13:09

12:50

11:52

11:31

11:27

11:24

11:12