конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Димаштың костюмі аукционда сатылды

Димаштың костюмі аукционда сатылды

Әлеумет 08.04.2024, 09:02 1,078
Димаштың костюмі аукционда сатылды
Сурет: Proza.ru

Алматы қаласында «DAULETTEN қайырымдылық қоры» ұйымдастырған қайырымдылық кеште Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционда 2 000 000 теңгеге сатылды. 



Аталмыш костюмді танымал әнші Алла Пугачеваның Мәскеуде өткен мерейтойына орай ұйымдастырылған «Подарок для Анны» атты шығармашылық кешінде киген. Онда Димаш Игорь Крутойдың «Любовь, похожая на сон» әнін орындады. Костюм дизайнері – Atelier Leka, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қайырымдылық қоры тарапынан ұйымдастырылған аукционда алғашқы лоттың бағасы 500 000 теңгеден басталды. Аукцион соңында костюм 2 000 000 теңгеге сатылды. Бұл лотты қазақстандық кәсіпкер, қаржылық сауаттылық бойынша ментор Еркебұлан Әріпбай сатып алды.




«Мен бұл костюмді ініме сыйлаймын. Ол 11-сыныпты аяқтайын деп жатыр. Өзі де Димаш Құдайбергенге ұқсайды. Туыстарымыздың бәрі оны Димашқа ұқсатады», - деді ол.




Бұл аталмыш кеште 2 000 000 теңгеге бағаланған ең үлкен лот болды. Сондай-ақ, қайырымдылық кешінде «GGG футболка» 1 000 000 теңгеге, қазақстандық мини-футболист, Қайрат және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұлов киген футболка 300 000 теңгеге, «Ордабасы» футбол клубының және Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің футболкасы 300 000 теңгеге сатылды. Аукционда Мұстафа Өзтүріктің қолы қойылған кітап та болды.


Айта кету керек, «Dauletten қоры» тарапынан ұйымдастырылған бұл кеште жиыны 7 000 000 теңге жиналды. Аукционнан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Елімізде болып жатқан су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #костюм #қайырымдылық #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның ел мен қала дамуына қосар үлесі талқыланды

Бүгін 12:26

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);