AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Құдайберген Алматыдағы концертінен кейін фан...

Димаш Құдайберген Алматыдағы концертінен кейін фанаттарымен кездесті

Мәдениет 25.09.2022, 06:00 1,206
Димаш Құдайберген Алматыдағы концертінен кейін фанаттарымен кездесті
Сурет: Inform.kz

Әнші Димаш Құдайберген Алматыдағы «Stranger» ауқымды жеке концертінен кейін Almaty Arena кешенінде жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Кездесуге әлемнің түрлі елінен әнші өнеріне тәнті жанкүйерлері көп жиналды. Мұндағы көңіл күй керемет болды. Тыңдарманға Димаш пен оның достары осы кездесу үшін арнайы дайындаған қызықты бағдарлама ұсынылды. Ән де айтылды, ерекше сыйлықтар ұтысы да болды.


Кеш жүргізушілері – танымал шоумендер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек кездесуді сұхбат түрінде өткізді. Әнші Алматыдағы алғашқы концертінен және Рим Папасымен кездесуден алған әсерімен бөлісті. Әр жылдары сахнада ұшыраған қызықты оқиғаларын айтып, сырын да жасырмады.


«Кешегі концертімнің әр секунды есімде. Бұл өте керемет кеш болды. Жанкүйерлерімнің қолдауын қатты сезіндім», - деді Димаш.


Осы кездесуге Болгариядан арнайы келген Анджела есімді алты жасар балақайдың сахнадағы қылығы көпшілікті сүйсінтті. Кішкентай тыңдарман сүйікті әншісін қатты құшақтап, ұзақ уақыт жібермеді.


Жиналғандардың дені Димаштан ән айтып беруді, кейбірі тіпті әнұранды орындауын сұрады. Ақсақалдардың бірі әншінің шығармашылығына ризашылығын білдіріп, оның неге күзетсіз жүретінін сұрады. Димаш өзін қауіпсіз сезінетінін, сондықтан күзеттің қажеттілігі жоқ деп санайтынын жеткізді. Алайда, өзге елдерге барғанда секьюрити қызметін пайдаланатынын айтты.


Фанаттардың бірі жеке өмірі туралы сұраған еді, бірақ әнші бұл сауалды жауапсыз қалдырды. Жүргізушілер сахнаға әншінің ата-анасын шақырды. Олар Димаш туған күнді еске алып, оның балалық шағы мен қызығушылықтары туралы әңгімеледі. Әкесінің айтуынша, «Димаш шығармашылық жолын таңдамағанда, кәсіби футболшы болуы мүмкін еді».



Әншінің жанкүйерлері онымен суретке түсіп, автограф алды. Сондай-ақ, сыйлық берген қыздар да болды.


Кездесу соңында Димаш ата-анасына, туғандарына қолдаулары үшін, фанаттарына жаңа жетістіктерге шабыттандыратындары үшін алғыс білдірді. Достары, әріптестері мен командасына рахмет айтты. Қазақстандықтарды туған тілі мен жерін сүюге, құрметтеуге шақырды. Барша жиналғандарға денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.


Сондай-ақ, кездесу барысында «Бір аспан тарихы» композициясына түсірілген әлемдегі ең қымбат бейнебаян көрсетілді. Туынды түсіріліміне 300 адам қызмет еткен. 12 минуттық еңбек Жер шарындағы адамдардың бірлігін дәріптейді. Бұл жоба бойынша жұмысты Димаш Құдайбергеннің өзі үш жыл бұрын бастаған.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 қыркүйек күні Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті аншлагпен өтті . Бұл – Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.


Димаш Құдайбергенің шетелдік тыңдармандары әншінің концертіне арнайы ұшып келді. Олардың көпшілігі Қазақстан туралы әсерлерімен бөлісті.


«Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Алған әсеріміз керемет. Мұндағы табиғат өте әдемі, тамағы дәмді, оның үстіне жылқы етін жеп көрдік. Біз Алматыда Көк базар, Көктөбе мен Көлсайға бардық, енді Медеуге бармақшымыз», - деді Словакиядан келген қонақтар Ярослава мен Инна.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #жене концерт #жанкүйер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБК-дағы мерекелік үш күн

Бүгін 16:30

Алматыны дамыту: Президент қала әкіміне көлік және цифрландыру бағыттарын күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:27

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды

Бүгін 16:11

Талдықорғанда 62 жастағы әйел есірткі сақтап, таратты деген күдікпен ұсталды

Бүгін 15:53

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика