конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Диляра Қайдарова: «Жаңа конституцияда денсаулық са...

Диляра Қайдарова: «Жаңа конституцияда денсаулық сақтау мен ғылымды дамытуға көп көңіл бөлген»

Жаңа Конституция 02.07.2026, 12:53 141 yakiya
Диляра Қайдарова: «Жаңа конституцияда денсаулық сақтау мен ғылымды дамытуға көп көңіл бөлген»

Диляра Қайдарованың айтуынша, жаңартылған заң азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік кепілдікті нығайтып, отандық ғылымды дамытуда жаңа мүмкіндікке жол ашады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Диляра Қайдарова қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының күшіне енуімен құттықтап, оның денсаулық сақтау жүйесін, ғылым мен инновацияларды одан әрі дамытудағы айрықша маңызын атап өтті.

«Бұл – еліміз үшін тарихи күн. Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы күшіне енді. Денсаулық сақтау саласына 30 жылдан астам ғұмырын арнаған маман ретінде азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған 32-баптың ерекше маңызын атап өткім келеді. Аталған бап әр қазақстандықтың тегін медициналық көмек алу құқығын бекітеді», – деді ол.

Қайдарованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту халықтың сапалы медициналық көмек пен емдеудің осы заманғы әдісіне қолжетімділігін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Академиктің айтуынша, жаңа конституцияда ғылымды дамытуға, жас зерттеушілерді қолдап, озық технологияны енгізуге көп көңіл бөлінген.

«Ғылыми қауымдастық үшін бұл – маңызды қадам. Жаңа конституция жас ғалымдардың дамуына, жасанды интеллект технологияларын енгізіп, Қазақстан ғылымын жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын перспективалы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға берік негіз болады деп сенеміз», – дейді Диляра Қайдарова.

Сөз соңында ол жаңа конституция денсаулық сақтау жүйесін одан әрі нығайтуға, елдің ғылыми әлеуетін дамытып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етіп, қуатты Қазақстанды құрудың маңызды құқықтық негізіне айналатынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);