Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Диетолог грейпфруттың қандай аурулардан қорғайтыны...

Диетолог грейпфруттың қандай аурулардан қорғайтынын айтты

Керек кеңес 27.01.2022, 04:17 2,074
Диетолог грейпфруттың қандай аурулардан қорғайтынын айтты
Сурет: Zira.uz

Грейпфрут бірқатар аурулардан қорғайды


Ресейлік диетолог Светлана Зеленцова грейпфрутты не үшін тамақтану рационына қосу керектігін, сонымен бірге, оның қандай аурулардан қорғайтынын айтты.


Маманның айтуынша, бұл жеміс дәрумендер және микроэлементтерге бай, әсіресе кремний және С дәрумені көп. Осының бәрі грейпфруттың адамның иммунитетін күшейтіп қана емес, сондай-ақ, оның ағзасындағы коллаген синтезін арттыруға көмектеседі.


Бұл туралы РЕН-тв сайтында жазылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.



«Бұл жемістің құрамында бірқатар фитохимиялық заттар бар, олардың қасиеттері әлі күнге дейін зерттеліп жатыр. Олардың кейбіреуі қартаюды тежейтін зат – геропртекторлар деп танылған. Мысалы, нарингенин антиоксидантты, вирусқа қарсы, ісікке қарсы, антибактериалды және қабынуға қарсы қасиеттерге ие», - деп  түсіндірді Светлана Зеленцова.



Ол жүрек пен тамырлардың жағдайын жақсартуға, сондай-ақ, тәбетті басуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, грейпфруттың құрамындағы нобилетин семіздік, атеросклероз және инсулинді төзімділік кезінде де пайдалы.


Диетолог атап өткендей, бұл жеміс өттің іркілуі  кезінде асқазан сөлінің қышқылдығы төмендесе, ас қорыту сөлінің бөлінуін жақсартуға көмектеседі, ал грейпфрут құрамындағы өзек (жасұнық) ішек үшін пайдалы.



«Мен бұл жемісті аптасына бір реттен жиі болмайтындай қолдануға кеңес беремін»,- деп атап өтті маман.



Сонымен бірге, маман бұл жемісті кімдерге қолдануға болмайтынын да айтты. Асқазан-ішек трактінің жіті жедел аурулары және салицилаттарға жоғары сезімталдығы барларға оны тамақтану рационынан толығымен алып тастау қажеттігін жеткізді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грейпфрут #пайдасы #аурудан қорғану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика