AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дерт жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы...

Дерт жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы екпе алмағандар 

Әлеумет 18.11.2021, 10:20 1,063
Дерт жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы екпе алмағандар 
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жандарбек Бекшин мегаполистің «сары» аймақта 24 қазан мен 14 қараша аралығында болғанын еске салды. Сонымен қатар, ол Алматының «жасыл» аймаққа көшкенін атап өтті, себебі қала тұрғындары да, ұйымдар да карантиндік шектеулерді сақтады. 


Жалпы, мегаполисте коронавирус ахуалының тұрақтануы жалғасуда: апта ішінде 936 жаңа инфекция тіркелді, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны – 128. Жалпы, өткен аптада дерт жұқтырғандарды үлесіі – 82%, бұлар вакциналанбаған азаматтар. 



- Бұған қолданыстағы шектеу шаралары мен халықты вакциналау деңгейін 48%-ға жеткізу арқасында қолжетті. Бізде апталық жұқтыру азайды, бірақ оны нақтылау үшін 22 қарашаға дейін «сары» аймақ талаптарын сақтау қажет, - деді Жандарбек Бекшин. 



Алматының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, дерттің оптимистік көрсеткіштерге қарамастан, ковид балалар үшін қауіпсіз деген қате пікір. Ж. Бекшин нақты статистиканы келтірді: қаланың инфекциялық стационарларында 673 адам, оның ішінде 17 бала бар. 



- Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа «дельта»-нұсқа балалар үшін өте қауіпті  әрі тез жұғады, егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері жұқтырғандар саны 15 039, - деді Алматы СЭБД басшысы. 



Эпидемиологтар вакциналанбаған алматылықтардың қанша жастағылары жиі жұқтыратынын талдады: 20-дан 39-ға дейін – 29%, шамамен 40-тан 59-ға дейін-27%, 60 және одан жоғары – 26%. 



Жұқтырғандардың ішінде ең көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар – 28%, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21%. Бір апта ішінде жұқтырғандардың жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ды, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ды құрайды. 



Жандарбек Бекшин уақыт өте келе антиденелердің концентрациясы төмендейтінін, яғни вакциналардың алғашқы дозаларын алғаннан кейін 6 немесе 9 ай өткен соң КВИ-ға қарсы ревакциналану қажет екенін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бекшин #ковид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);